Шілде айына арналған жұлдыз-жорамал: Әр зодиак белгісін не күтіп тұр?
Фото. Фернандо Сиппель.

Шілде айына арналған жұлдыз-жорамал: Әр зодиак белгісін не күтіп тұр?⠀


Айды қалай бастау керек, ол жемісті әрі есте қаларлық болсын дейсіз бе? Бұл сұрақтың жауабын тек жұлдыздар ғана біледі. Себебі әр зодиак белгісінің жолы да, кеңестері де — тек өзіне тән. Шілде айына арналған жұлдыз-жорамалымызды оқып, өз жұлдызыңыз не дейді — соны біліңіз.

Тоқты

Өміріңізде үлкен өзгерістер болсын десеңіз, ыңғайлы аймақтан шығуға тура келеді. Бұл әсіресе мансапқа қатысты. Батыл идеялардан қорықпаңыз — қолдау көрсететін команданың болуы міндетті емес. Қазір — шешімді жалғыз өзіңіз қабылдайтын сәт.

Торпақ

Үй, отбасы, кешкі жайлы ас пен шүйіркелескен әңгіме — сізге осы энергия береді. Отбасыңызда жағымды жаңалықтар болуы мүмкін: сәбидің дүниеге келуі, той немесе көптен күткен хабар. Ішкі тыныштық — алдағы кезеңде басты орында тұруы тиіс.

Егіздер

Ішкі жан-дүниеңіз жаңа белеске ұмтылып тұр. Айдың екінші жартысында жаңа мүмкіндіктер ашылады — оларды мүлде жіберіп алмаңыз. Бәріне үлгересіз, тек ұсақ-түйекке назар аудармаңыз.

Шілде айына арналған жұлдыз-жорамал: Әр зодиак белгісін не күтіп тұр?⠀
Фото. Фернандо Сиппель.

Шаян

Жақындарыңызбен көбірек уақыт өткізгіңіз келіп, бір жағынан, бәрінен алшақ кеткіңіз де келуі мүмкін. Тұрақтылық пен жаңашылдықтың арасынан тепе-теңдік іздейсіз. Ата-анаңызбен немесе серігіңізбен маңызды әңгімелер болуы мүмкін — бәрі орнына келеді.

Арыстан

Бүкіл берешектен құтылыңыз — тіпті ең ұсақтарынан да. Бұл тек қаржылық емес, моральдық уәделерге де қатысты. Біреуге уәде берген болсаңыз — орындайтын сәт келді. Сол арқылы жолыңыз ашылып, табысқа жақындайсыз.

Бикеш

Нақты қадам мен мұқият болу керек. Жұмысыңызға қарамастан, сізге үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Бұл болжам блогерлерге де қатысты.

Шілде айына арналған жұлдыз-жорамал: Әр зодиак белгісін не күтіп тұр?⠀
Фото. Фернандо Сиппель.

Таразы

Жұлдыз жорамал сізге шілдеде белсенді қарым-қатынас кезеңін уәде етеді. Сізбен бірге кешкі ас ішкісі келетіндер, түскі үзілісте кездескісі келетіндер немесе қонаққа келгісі келетіндер көбеюі мүмкін — және олардың бәрі жақындарыңыз болмауы да мүмкін.

Сарышаян

Бастама көтеруге және табандылық танытуға дайын болыңыз. Иә, бәріне сіздің қайсарлығыңыз ұнай қоймайды — кейде бұл тым тік көрінуі мүмкін. Бірақ шегінуге болмайды. Тек шектен асып кетпеуге тырысыңыз.

Мерген

Бұл ай — жаңа білім мен тәжірибе алуға арналған. Сіз тіпті саяхатқа шығуыңыз мүмкін. Қай жағдайда болсын, сарапшылар мен ұстаздардың кеңесіне құлақ түріп, жаңа таныстықтардан, әсіресе шетелдіктерден, тартынбаңыз.

Шілде айына арналған жұлдыз-жорамал: Әр зодиак белгісін не күтіп тұр?⠀
Фото. Фернандо Сиппель.

Тауешкі

Сіздің өміріңізде терең өзгерістер болып жатыр — мұны өзіңіз де сезіп жүрген боларсыз. Интуицияға сеніп, ішкі даусыңызбен келісіп шешім қабылдаңыз. Сонда ешкімнен кеңес сұраудың қажеті болмайды.

Суқұйғыш

Жеке өмірде сүйіктіңмен немесе ұнататын адаммен жақындасу күтіледі. Бірақ бұл жолда Әлем сізді сынамақ: ымыраға келе аласыз ба, әлде эгоңыз басым ба — осыны тексеретін сәт.

Балықтар

Ай бойы үш басты кеңеске жүгініңіз: ұйқы режимін реттеңіз, кофеден бас тартыңыз және спортпен көбірек айналысыңыз. Басқа ештеңе керек емес. Осылайша мазасыздықтан арылып, жаңа жобаларға күш-қуат аласыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше