Астрология мамандары шілде айы оңайға соқпайтынын ескертеді: бірден төрт ғаламшар — Плутон, Нептун, Сатурн және Меркурий — ретроградтық күйде болмақ. Дегенмен, пессимизмге бой алдырудың қажеті жоқ, жамандық шақырмай тек жақсылық ойлайық. Оның үстіне, сәнге негізделген жұлдыз-жорамалымыз шілдеде қандай киімдер мен аксессуарларға инвестиция салу керек екенін айтып береді. Бастысы — сәттілік сіздің жағыңызда болсын!
Тоқты
Дәл осы айда сіз Фортунаның назарында боласыз. Бірақ бұл өмірдің кейбір салаларын бақылаусыз қалдыруға болады деген сөз емес. Қаржы мен махаббатқа көбірек ден қойған жөн. Жақын арада асыға күткен демалысқа шығуыңыз мүмкін. Жағажайда өзіңізді жайлы сезіну үшін рафиядан тігілген сәнді сөмке іздеп көріңіз.
Торпақ
Кей апта қиын болары анық, бірақ бұл сағыңызды сындырып, үмітіңізді үзуге себеп емес. Соңғы кездері жақындарыңызбен жиі кикілжіңге түсіп жүрген боларсыз. Мұндай сәттерде өз-өзіңізбен көбірек болыңыз. Йогамен айналысыңыз, бассейн жанында сүйікті кітабыңызды оқыңыз немесе таудағы СПА-ға барыңыз. Айтпақшы, сізге жаңа купальник қажет болады.
Егіздер
Шілденің басында ішіңіз пысып, бәрі сұрқай көрінуі мүмкін. Бірақ бұл бірден сапарға аттанып кетуге себеп емес, әсіресе бейтаныс адамдармен. Қазір өзіңізге, ішкі тілектеріңізге көңіл бөліңіз. Сондай-ақ спортпен жиі айналысқан пайдалы. Бұл ретте сәнді топ пен шорты міндетті түрде қажет болады.
Шаян
Қазір демалыс сізге ауадай қажет. Жақсы жұмыс істеу үшін уақытылы демалып, күш жинап тұру керек. Энергияңызды қайта қалпына келтіретін жерге барыңыз — бұл мұхит жағалауы немесе тар көшелері бар шағын қала болуы мүмкін. Қайда барсаңыз да, өзіңізді жайлы сезінетін көйлек алыңыз.
Арыстан
Сіздің шілдеңіз жарқын әрі оқиғаларға толы болмақ. Қазір батыл шешімдер қабылдап, түрлі эксперимент жасауға тамаша уақыт. Ерекше стильдегі киім киіп көріңіз. Мысалы, көз тартарлық топ пен ерекше шалбар ше?
Бикеш
Қазір үлкен әрі маңызды сатып алулар жасауға тамаша кезең. Гардеробқа инвестиция да соның бірі. Сән мамандары ұзақ жылдарға жарайтын базалық, сапалы киім таңдауға кеңес береді. Мысалы, шоколад түсті шағын замша crossbody сөмкесі — жақсы шешім.
Таразы
Кейде өткенді артта қалдыру қажет. Жыл соңы болмаса да, дәл қазір қажетсіз дүниелерден арылуға шақырамыз. Пайдасы жоқ киім-кешек пен энергияңызды тұншықтыратын адамдармен қоштасатын кез келді. Жаңа өмірде қамқор жандар мен әдемі аяқ киімдерге орын табылады. Elisabetta Franchi-дің жаңа топтамасынан қарап көріңіз.
Сарышаян
Интуицияңыз — басты көмекшіңіз. Шілде айында сол ішкі дауысыңызға жиі құлақ асыңыз. Болмашы нәрсеге бола уайымдап кетпей, позитивті көңіл-күйді сақтауға тырысыңыз. Көңіл көтерудің қарапайым жолы — сәнді күннен қорғайтын көзілдірік сатып алу. Үлкен жақтаулы модельдер — трендте.
Мерген
Ай өте қарбалас болмақ. Сыйлықтар алып, болашақ жобаларға қатысты жоспар құрып, белсенді жұмыс істейсіз. Ыстық күндері бейнеде ресмилікті сақтағанмен, ерекше текстуралы маталарға назар аударыңыз. Ультра-сәнді шолақ жеңді жейде мен миди белдемше — кеңсе үшін тамаша шешім.
Тауешкі
Сабыр сақтаңыз. Қазір эмоцияға ерік беру денсаулығыңызға кері әсер етуі мүмкін. Жақын жандардың көмегінен бас тартпаңыз, өзіңіз де көмек қолын созуға тырысыңыз. Теріс ойлардан арылуға спорт көмектеседі. Қандай жаттығу екені маңызды емес — бастысы, өзіңізге ұнаса болды.
Суқұйғыш
10 шілдеден кейін жеңіл кезең басталады. Ал әзірше өзіңізге және жақындарыңызға көңіл бөліңіз. Қиын сәттер — ішкі күш-қуатыңызды тексеретін уақыт. Өзіңіздің мықтылығыңызды тағы бір дәлелдейсіз. Демалысты елемей, ұсақ-түйекке мән беріп кетпеңіз. Алайда стильді аксессуарлар артық болмайды.
Балықтар
Қазір тек жұмысыңызға емес, айналаңыздағы жақын жандарға да мұқият болыңыз. Кейбір келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Бірақ бастысы — эмоцияны іште сақтамай, мәселелерді сабырмен шешу. Өз-өзіңізге сенім артып, жерге нық тұрыңыз. Бұл жолда трендтегі балеткалар сізге керемет мотивация сыйлайды.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Пресс-офисы марок.