Серіктесіңіз сізге қызығушылығын жоғалтқанын қалай білуге болады? Мұндай жағдайда не істеу керек?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Prostock-studio.

Серіктесіңіз сізге қызығушылығын жоғалтқанын қалай білуге болады? Мұндай жағдайда не істеу керек?

Гүлдана Мұқан
14 сентября 2025

Ғашықтық – бізді қанаттандырып, әлемнің барлық шыңын бағындыруға жігер беретін әдемі сезім. Бірақ қарым-қатынаста әрқашан тек қана әдемі сәттер болмайды, құлдыраулар да кездеседі. Ғалымдар «махаббат үш жыл ғана өмір сүреді» деген пікірді жоққа шығарғанымен, кейде серіктестің сезімі бәсеңдеп, оны мойындауға батылы жетпей жатады. Ал бұл екінші адамның күмәндануына себеп болады: сүйе ме, әлде жоқ па?Сарапшылардың айтуынша, серіктес шынымен сізге немқұрайлы қарай бастағанын аңғартатын бірнеше белгілер бар. Дегенмен, әр жұптың жағдайы әртүрлі екенін есте ұстаған жөн.

Серіктес сізге қызығушылық танытпайтынын көрсететін белгілер

Серіктесіңіз сізге қызығушылығын жоғалтқанын қалай білуге болады? Мұндай жағдайда не істеу керек?
Фото. Shutterstock.com. Автор. PeopleImages.com - Yuri A

Ішкі түйсігіңіз ескертеді. Әр адамда интуиция бар, және ол көбіне дұрыс айтады.

Қарым-қатынасты талқылаудан қашады. Әдетте сіз болашақ жайлы сөйлей бастағанда әңгімені басқа жаққа бұрады.

Барлық шешімді өзі қабылдайды. Сіздің пікіріңізді елемей, тек өз қалауын алға тартады.

Бірге уақыт өткізбейсіздер. Серуен, кино немесе қарапайым кешкі ас – кез келген кездесу маңызды, бірақ ол мүлде бастама көтермейді.

Эмоциялық шаршау сезесіз. Жақыныңызбен бірге уақыт өткізу қуат бермесе, бұл дабыл белгі.

Әңгіме кезінде үнемі алаңдайды. Телефонға үңіледі, ойы басқа жақта жүреді.

Инициатива тек сізден шығады. Егер хабарламасаңыз немесе қоңырау шалмасаңыз, ол да іздемейді.

Серіктесіңіз сізге қызығушылығын жоғалтқанын қалай білуге болады? Мұндай жағдайда не істеу керек?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Perfect Wave

Көмек көрсетпейді. Қарапайым тұрмыстық қолдау да болмайды.

Басқа жынысқа қызығушылық танытады. Мәселен, Tinder-ден аккаунт ашуы немесе әлеуметтік желілерде артық сөйлесуі.

Достары мен отбасымен таныстырмайды. Қарым-қатынас ұзаққа созылса да, ол сізді жақын ортасына көрсетпесе – күмән тудырады.

Тек жыныстық қатынас қызықтырады. Егер қарым-қатынас тек интиммен шектелсе немесе мүлдем жақындасудан қашса, бұл да маңызды белгі.

Жеке даму жоқ. Қарым-қатынас бірге алға жылжуға тиіс, тек «қасында жүрумен» шектелмейді.

Мұндай мінез-құлықтың себептері

Серіктесіңіз сізге қызығушылығын жоғалтқанын қалай білуге болады? Мұндай жағдайда не істеу керек?
Фото. Shutterstock.com. Автор. PeopleImages.com - Yuri A

Жеке мәселелер. Мүмкін, ол қазір қиын кезеңнен өтіп жүр.

Рутина мен монотондық. Қарым-қатынастағы бірсарынды күндер қызығушылықты әлсіретуі мүмкін.

Шешілмеген жанжалдар. Жинақталған ренішті айту қажет, әйтпесе жағдай ушығады.

Жақындықтан қорқу. Психологияда бұл құбылыстың түрлі себептері бар.

Өзін жоғалту. «Біз» деп қана өмір сүріп, «менді» ұмытып кетуі мүмкін.

Сыртқы ықпал. Достары не туыстары оған әсер етіп жүрген болар.

Цифрлық алаңдатқыштар. Әлеуметтік желілер сізден гөрі қызығырақ болуы мүмкін.

Басқа біреудің болуы. Өкінішке қарай, мұндай да жағдай кездеседі.

Алдыңғы қарым-қатынастың ізі. Бұрынғы тәжірибе оның бүгінгі мінезіне ықпал етуі ықтимал.

Не істеу керек?

Серіктесіңіз сізге қызығушылығын жоғалтқанын қалай білуге болады? Мұндай жағдайда не істеу керек?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Kmpzzz

1. Ашық сөйлесіңіз. Эмоцияға берілмей, сабырлы диалог жүргізіңіз.

2. Психологқа жүгініңіз. Жұптық терапия жаңа көзқарас ұсына алады.

3. Өзіңізге уақыт бөліңіз. Бұл қарым-қатынастан сіз не алып жүрсіз, соны ой елегінен өткізіңіз.

4. Шекара орнатыңыз. Не нәрсеге келісетіндігіңізді анық айтыңыз.

5. Ынтызарлықты қайта оятыңыз. Сюрприз жасаңыз, жаңа әсер сыйлаңыз.

6. Жеке дамуына қолдау көрсетіңіз. Мүмкін ол сенімсіздіктен суып кеткен шығар.

7. Өз құндылығыңызды ұмытпаңыз. Сіз тең дәрежеде қызығушылық танытатын серіктеске лайықсыз.

8. Шешім қабылдаңыз. Барлығын жасап көргеннен кейін де ол немқұрайлы болса, қарым-қатынасты аяқтаған жөн. Себебі, алда сізді бағалайтын адам күтіп тұр.

Love Panky ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше