Өткеннің жүгінен арылу: 8–14 қыркүйекке арналған апталық жұлдыз-жорамал
Фото. Матье Пуга.

Өткеннің жүгінен арылу: 8–14 қыркүйекке арналған апталық жұлдыз-жорамал

Гүлдана Мұқан
08 сентября 2025

Алдағы күн тұтылулар коридорының ықпалымен ішкі жан дүниеңізді қайта құру мен тепе-теңдікті іздеу кезеңіне айналады. Көпшілік ескі бағыттардың өз күшін жоғалтып, әдеттегі тіректердің шегінгенін сезеді. Бұл бос кеңістік жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ең бастысы – өзгерістен қорықпау, өйткені дәл сол өзгеріс сізді дамуға және өмірдің жаңа сапасына жетелейді. Ендеше, жұлдыздар сізге не дайындады?

Тоқты

Сіз өзгерістердің табалдырығында тұрсыз. Бұрынғы дағдылар мен ескі көзқарастар біртіндеп кетіп, онымен бірге сізді алға жылжытпай келген нәрселер де жоғалады. Өзіңізді жаңартқыңыз келеді – күнделікті әдеттен бастап сыртқы бейнеңізге дейін. Өткенді қайтару мүмкін еместігін мойындау қиын болса да, бұл – болашаққа жол ашу. Өзгерістерді жоғалту емес, қайтадан өзін жасау мүмкіндігі деп қабылдаңыз.

Торпақ

Сізге кеңістікті тазарту маңызды – әрі заттық тұрғыда, әрі әлеуметтік жағынан. Артық нәрселерден арылу, байланыстарды қайта қарау жеңілдік сыйлайды. Бұл уақыт пен сабырды талап етеді, бірақ басты мақсаты – қажетсіз жүктен босату. Уақыт өте келе әрбір жеңілдеу сізді жаңа жетістіктерге дайындайды.

Егіздер

Марапат пен мойындау жағымды әрине, бірақ өзгелердің шектен тыс үміті шаршатуы мүмкін. Бұл кезең сізден шекараңызды сақтауды, мақтауды артық жауапкершілікке айналдырмай қабылдауды үйретеді. Осыны меңгергенде өзіңізге сенімді бола түсесіз және назарды шынымен маңызды нәрсеге аудара аласыз.

Фото. Матье Пуга.

Шаян

Алдыңғы еңбектеріңіз жемісін бере бастамақ. Жетістіктермен бірге қателіктер де көзге көрінеді. Бұл – қорытынды шығаратын кезең: өз жолыңызды шынайы бағалау маңызды. Қалған мүмкіндіктерге емес, қол жеткізген тәжірибеге назар аударыңыз. Дәл осы тәжірибе – жаңа жоспарлардың берік іргетасы. Қателіктеріңізді мойындаудан қорықпаңыз, олар жеңістің құнын түсінуге үйретеді.

Арыстан

Алдағы күндер – өмір мектебі. Бұл жаңа таныстықтар, сапарлар немесе көкжиегіңізді кеңейтетін тәжірибе болуы мүмкін. Бүгін қабылдаған әр әсер болашақта кәдеге жарайды. Қазір асықпай үйрену, бақылау, білім жинақтау маңызды. Нәтижені көрсетуге тырысудың қажеті жоқ.

Бикеш

Сыртқы қолдау азая түседі, сондықтан өзіңізге сенуге тура келеді. Бұл оңай емес, бірақ дәл осылай сенімділік пен дербестік қалыптасады. Сізге өзге ережелер мен көзқарастарға бейімделуге тура келеді, тіпті олар сіздікіне қайшы болса да. Бұл тәжірибе сізді икемді етіп, жеке шекараңызды анық көрсетуді үйретеді.

Фото. Матье Пуга.

Таразы

Кейбір қарым-қатынастарды қайта қарау қажет болады. Келіспеушіліктер немесе жаңа шарттарды қабылдау туындауы мүмкін. Бұл – жою емес, қайтадан шынайылық пен жауапкершілікке негізделген берік байланыс құру мүмкіндігі. Серіктестік жаңарса, негізі бұрынғыдан да мықты әрі үйлесімді болады.

Сарышаян

Назар орталығыңыз – денсаулық пен жұмыс. Жүктеме ауырлау көрінуі мүмкін, бірақ қазір шегінбеңіз. Сіз болашақта құрмет пен мойындауға жеткізетін берік іргетас қалыптастырып жатырсыз. Бұл кезеңде денсаулығыңызға мән беріп, артық шаршаудан сақтанған абзал. Сіздің күшіңіз – төзімділікте және жүйелі әрекетте.

Мерген

Энергияңыз бен сенімділігіңіз артады. Бұрын қиын көрінген істерді де еңсересіз. Бұл апта – батыл қадамдар мен белсенді шешімдер уақыты. Жаңа міндеттерден қашпаңыз: еңбегіңіз міндетті түрде бағаланады, жетістіктеріңіз одан әрі ынталандырады.

Фото. Матье Пуга.

Тауешкі

Назарды нақты істерге аударған жөн. Үй шаруасы, жөндеу немесе жақындарға көмек қажет болуы мүмкін. Бұл көп күш талап етеді, бірақ дәл осылай сіз тұрақтылық табасыз. Сіз құратын берік негіз – өзіңізге де, айналаңызға да сенімді тірек болады.

Суқұйғыш

Бұл апта тосын-сыйларға толы: ортаңыздағы өзгерістер, жаңа жобалар немесе тіпті орын ауыстыру. Әуелде бәрі беймаза етіп көрінуі мүмкін, бірақ дәл осындай жағдайлар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қарсы тұрмаңыз – өзгерісті қабылдаңыз. Бұл сізге әлемді басқа қырынан көруге, өз мақсаттарыңызды жаңаша бағамдауға көмектеседі.

Балықтар

Сіз үшін басты сұрақ: не шын мәнінде маңызды, ал не тек жалған қажеттілік тудырады? Кейбір әдеттерден немесе нәрселерден бас тартуға тура келуі мүмкін. Бірақ дәл осы – ішкі еркіндікке жетелейді. Ақша мен зат – мақсат емес, тек шынайы басымдықтарыңызды көрсететін құрал екенін ұғынасыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше