Күздің алғашқы айы – ұнатсақ та, ұнатпасақ та – әрдайым өзгерістер әкеледі. Биыл қыркүйекте ғаламшарлардың ретроградтық қозғалысы болмаса да, тұтылу кезеңі өмірімізге түзетулер енгізбек. Бұл уақытта мамандар тағдырдың белгілеріне назар аударып, шешім қабылдар алдында барлығын мұқият ойлануға кеңес береді. Біз алдағы апталарда сізді не күтіп тұрғанын біліп, қыркүйекке арналған сәнді жұлдыз-жорамалын жасадық. Ол сізге сәттілікті ұстап алуға және әрдайым мінсіз көрінуге көмектеседі.
Тоқты
Тоқтылар үшін ай көптеген мәселені шешуге, өзін-өзі дамытуға және кәсіби жетістіктерге қолайлы болмақ. Қазір болашаққа берік негіз қалауға мүмкіндік бар. Кез келген жағдайда сізге ешқашан сәннен шықпайтын іскерлік бейне қажет. Мінсіз ақ жейде мен тік шалбар – тамаша таңдау.
Торпақ
Күнделікті күйбең тіршілік сізді әбден шаршатуы мүмкін, сондықтан баланс ұстауды ұмытпаңыз. Өміріңізде қуанышты оқиғалар орын алып, жағдайдың бағытын өзгертуі немесе өткеннен таныстар қайта пайда болуы ықтимал. Бірақ әзірге болашаққа жоспар құрмай, қазіргі сәтке көбірек көңіл бөлген жөн. Барлық қажетті затты өзіңізбен бірге алып жүру үшін кең әрі сәнді сөмке керек болады.
Егіздер
Астрологтар жаңа дүниелерге ашық болуға кеңес береді. Бұл іскерлікке де, жеке өмірге де қатысты. Қазір сіз үшін бастысы — work-life balance. Әйтпесе, маңызды дүниелерге назар аудару қиынға соғады. Қыркүйек жылы кездесулер мен жақындарыңызбен ұзақ кештерге толы болады. Мұндай сәттерге қала сыртындағы саяхатқа да жарайтын әмбебап киім жиынтығы лайық.
Шаян
Шаяндар, айналаға көбірек қараңыздар: бұл жаңа таныстықтарға мүмкіндік береді әрі бұрын жабық болған есіктерді айқара ашады. Жақын адамын табудан үмітін үзгендер үшін астрологтар: «Күтпеген кездесулерге дайын болыңыздар» дейді. Не болса да, өзіңізді жайлы сезіну маңызды. Ыңғайлы әрі трендтегі киімдер таңдаңыз – ол сізге сенімділік сыйлайды.
Арыстан
Демалыс артта қалды — енді еңбек ету кезеңі басталды. Бұл тек мансапқа ғана емес, жеке өмірге де қатысты. Қазір сіздің табандылығыңыз бен еңбекқорлығыңыз сынақтан өтуде. Бастаған істі соңына дейін жеткізіңіз және сүйіктіңізге көбірек уақыт бөліңіз. Бос жүрген Арыстандарды жаңа таныстықтар күтіп тұр, ол үлкен сезімге айналуы мүмкін. Ал кездесуге нәзік көйлексіз бару мүмкін бе?
Бикеш
Ай өте қарқынды өтеді: жақсы да, қиын да сәттері болады. Өз «ішкі тірегіңізді» сақтаңыз, сонда өзіңізді жоғалтпайсыз. Интуицияға құлақ асыңыз – ол сізді алдамайды. Бірақ шамадан тыс сыншылдығыңыз кері әсер беруі мүмкін, сондықтан сабыр сақтаған жөн. Күнделікті қарбаласқа беріліп кетпей, гардеробыңыздың базалық бөлігін толықтырыңыз. Мысалы, өзіңізге лайық идеалды күзгі етік табыңыз.
Таразы
Қыркүйегіңіздің ұраны — «Аздаған қызбалық». Әдетте ол жақсы қасиет, бірақ дәл қазір емес. Бұл уақытта тәуекелшілдік пен дау-дамай сізге пайда әкелмейді. Жақындарыңызбен көбірек уақыт өткізіңіз. Отбасымен бірге табиғатқа шығып немесе шағын сапар жасаған жөн. Ол үшін ыңғайлы аяқ киім мен бас киім алып қойыңыз.
Сарышаян
Жұмыстағы табыстарды үйдегі түсініспеушіліктер көлегейлеуі мүмкін. Жақындарыңызды түсіну қиынға соқса да, бұл – беріктігіңіздің сынағы. Одан қорқудың қажеті жоқ. Барлық мәселені өзара сөйлесіп немесе маманның көмегімен шешіңіз, кейін сүйіктіңізбен сәнді жаңа образда кездесуге шығыңыз.
Мерген
Қаржылық жағдайыңыз жақсарады. Бұған еңбегіңіз бен сырттан келетін қолдау себеп болады. Бірақ екінші жағында – қарым-қатынастар тұр. Жалғыз Мергендерге бұрынғы қарым-қатынасты қайта бастамауға кеңес беріледі – ол жақсыға апармайды. Ал сүйіктісі барларға бірге уақыт өткізген маңызды. Екеуіңізге арналған SPA немесе қала сыртындағы демалыс керемет шешім болады. Жаңа купальник алғаныңыз бекер емес қой.
Тауешкі
Тауешкілер, назардың ортасында боласыздар. Бұл мансапқа да, жеке өмірге де қатысты. Қызығушылық танытатын адамдар көп болады, сондықтан өзіңізді және шығармашылығыңызды көрсетуге тамаша уақыт. Өз болмысыңызды ашатын ерекше әрі креативті образ таңдаңыз.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар үшін кәсіби тұрғыда өсуге қолайлы кезең туды. Қыркүйек – жұмыс ауыстыру мен өзін-өзі дамытуға қолайлы ай. Бірақ бәріне бірдей кіріспеңіз, нақты неге назар аударғыңыз келетінін ойланыңыз. Сізді әрдайым office core стилі қызықтырды. Ендеше, осы трендтен бірнеше образ құратын уақыт келді.
Балықтар
Балықтар, қыркүйекке арналған сәнді жұлдыз-жорамалымыз үйді жайластыруға көбірек көңіл бөлуге кеңес береді. Үйдегі атмосфера сіздің шешімдеріңізге байланысты. Жаңа жөндеу, жиһазды ауыстыру немесе жаңа декор үйді ыңғайлы етеді. Есіңізде болсын: үй иесі де мінсіз әрі жайлы көрінуі тиіс. Үй киімінен бастап пижамаға дейін. Өйткені далада күз басталды.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Пресс-офисы марок.