1–7 қыркүйек: Күздің алғашқы аптасына арналған жұлдыз-жорамал
Фото. Маттиас Оггер.

1–7 қыркүйек: Күздің алғашқы аптасына арналған жұлдыз-жорамал

Гүлдана Мұқан
02 сентября 2025

Жаз аяқталып, жылы естеліктерімен мен жеңіл сағынышын қалдырды. Енді – жаңа бастамалар, өзгерістер мен алға жетелейтін амбициялар тұр. Дәл осы кезеңде ішкі көңіл күйді дұрыс бағыттап, маусымды сенімді бастау маңызды. Себебі күздің алғашқы аптасы барлық айдың қалай өтетінін айқындайды. Біреулер үшін бұл – ішкі жаңғыру кезеңі болса, енді біреулер үшін – мансап жолындағы жаңа мүмкіндікке айналмақ.

Тоқты

Апта эмоциялық толқуларға толы болмақ. Ішкі күйзелістерді жеңіп үйренуге тура келеді. Бірақ жанашыр жандар қасыңызда болып, қолдау көрсетеді. Оңға емес, теріске ой жүгіртуге тырыспаңыз. Ұсақ қуанышты да бағалай біліңіз. Апта соңына қарай қиындықтар жеңілдеп, үлкен сынақтан өткеніңізді сезінесіз.

Торпақ

Жұмыс саласында жаңа мүмкіндіктер ашылады. Әуелде кедергілер көп болып көрінгенімен, олардың бәрі сізді шыңдайды. Әріптестер арасындағы интригаларға мән бермеңіз. Сабыр мен сенімділік беделіңізді арттырады. Кейде жағдайға бейімделу – жеңіске жеткізетін жол.

Егіздер

Апыл-ғұпыл шешім қабылдаудан сақтаныңыз. Кейбір мәселелер өздігінен шешіледі. Бұл кезең шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға қолайлы, әрі табыс әкелуі мүмкін. Ұзақ мерзімді жоспарды анықтау – алға жылжуды жылдамдатады. Сонымен қатар күтпеген романтикалық таныстық орын алуы ықтимал.

Фото. Маттиас Оггер.

Шаян

Өз күшіңізге сеніп, күрделі міндеттерді де шеше аласыз. Дегенмен апта басында жаңа ұсыныстарға сақтықпен қараңыз. Сәрсенбі күні күшті тым сарқып алмаңыз, әйтпесе шаршау өнімділікті азайтады. Жеке сырды артық ашпауға тырысыңыз.

Арыстан

Карьерада алға қадам басуға мүмкіндік бар. Бірақ ол оңай келмейді. Көп еңбек пен табандылық қажет. Апта соңына қарай маңызды таныстықтар күтіп тұр, олардың ішінде тұрақты қарым-қатынасқа ниетті жан табылуы мүмкін.

Бикеш

Әрекет ететін кез келді. Біліміңіз бен тәжірибеңізді толық қолданыңыз. Әріптестер қолдау көрсетеді, бірақ сізден тәртіп пен жауапкершілік талап етіледі. Достық пен тыңдай білу – табыстың кілті.

Фото. Маттиас Оггер.

Таразы

Бұл апта өзгерістерге, сапарларға және сырт келбет жаңартуға қолайлы. Мүмкін, жаңа жұмыс не қоныс ауыстыру ұсынысы түсіп, болашаққа жаңа көзқарас сыйлар.

Сарышаян

Мақсатқа жету үшін батыл қадам жасаңыз. Бірақ күшті тексеріп, дұрыс бағытқа жұмсауды ұмытпаңыз. Сіздің табандылығыңызды айналаңыз байқайды және қолдау білдіреді.

Мерген

Ұсақ-түйекке алаңдамаңыз, басты мақсаттарға көңіл бөліңіз. Нақты жоспар мен ұқыптылық қажет болады. Салқынқандылық кәсіби байланыстарды нығайтып, жеткен жетістікті сақтауға көмектеседі.

Фото. Маттиас Оггер.

Тауешкі

Жақындарыңыздың көмегінен бас тартпаңыз. Олардың қолдауы көптен бері шешілмей жүрген мәселелерді реттеуге септігін тигізеді. Ескі түйткілдерді шешуге қолайлы уақыт.

Суқұйғыш

Күнделікті тіршілікті тәртіпке келтіруге тура келеді. Бұл оңайға түспесе де, нәтиже қанағат әкеледі. Уақыт өте еңбегіңіздің қаржылай да қайтарымы болады. Жүйелі әрекет – сіздің басты артықшылығыңыз.

Балықтар

Аптада өзгенің ісіне араласуыңызға тура келеді, бұл кейбір келіспеушілікке себеп болуы мүмкін. Дегенмен сіздің араласуыңыз маңызды рөл ойнайды. Өз ұстанымыңызды ашық айтыңыз. Сонымен қатар шығармашылық шабыт күтіп тұр, оны бағалай білсеңіз, тың жетістіктерге жетесіз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше