Секс кезіндегі жиі жіберілетін қателіктер: әйелдер мен ерлерді ашуландыратын не нәрсе?
Фото. Shutterstock.

Секс кезіндегі жиі жіберілетін қателіктер: әйелдер мен ерлерді ашуландыратын не нәрсе?


Идеалды эротикалық түннің нақты формуласы, өкінішке қарай, жоқ. Өйткені әр адам ләззат алудың өзінше жолын қалайды. Алайда, әйелдер мен ерлердің жүйкесіне тиетін ортақ жыныстық қателіктер бар. Бұл туралы олар өздері айтып берген.

Британдық танымал танысу сайты сауалнама жүргізіп, адамдардың либидосын не нәрсе «өлтіретінін» анықтауға тырысты. Анонимді түрде жауап берген 2000-ға жуық қатысушы ортақ проблемаларды атады. Алдымен, ерлерді не ашуландыратынын қарастырайық.

Ерлерді ашуландыратын нәрселер

Фото. Shutterstock.

Жыныстық қарым-қатынас кезінде екі жақты қадам жасамау

Көптеген ерлерге өз үстемдігін сезіну ұнайды. Бірақ одан да қатты қызықтыратыны — әйелдің бастаманы өз қолына алуы. Әйтпесе, мұндай қарым-қатынас тез жалықтырып жіберуі мүмкін.

Интим кезінде жарықты сөндіруді өтіну

Партнерінің дене кемшілігіне назар аударып, жарықты сөндіруді өтінуі ерлерді мезі етеді. Себебі дәл сол сәтте олардың қалауы күшейіп тұрады, ал мұндай өтініш ер көңілін суытады.

Фото. Shutterstock.

Оргазмды жасанды етіп көрсету

Оргазмды шынайы емес көрсету — ерлер үшін жағымсыз. Әйелдің шын мәнінде оргазм сезінбегенін есту — олар үшін өтірік көрініске куә болғаннан жеңіл.

Төсек қатынасы кезінде артық сөйлесу

Төсекте жұмыс, достар туралы әңгіме емес, комплимент, тілек не бұйрық естігісі келеді. Артық сөз процеске кедергі келтіреді.

Фото. Shutterstock.

Ұялшақтық сезімін жиі байқату

Егер бұл алғашқы тәжірибе болмаса, ұяңдық — өз-өзіне сенімсіздік белгісі. Мұндай жағдайда қыз өзінің қиялдарын ашық айта алмауы мүмкін.

Бұрынғы серіктеспен салыстыру

Интим кезінде әркім қателесуі мүмкін, бірақ бұрынғы серіктесті еске алу — нағыз табу. Тіпті бұрынғыны жамандаса да, оны сөз ету – ер адам үшін қолайсыз.

Әйелдерді ашуландыратын нәрселер:

Фото. Shutterstock.

Алдын ала аймаласудың болмауы

Бұл жай ғана романтика емес. Әйел ағзасы үшін прелюдия — өте маңызды. Онсыз жыныстық қатынас ауыртпалыққа айналуы мүмкін.

Эгоизм

Әйел оргазмы үшін ер адамнан көбірек күш пен уақыт қажет. Егер ер адам тек өзін ғана қанағаттандырып, серіктесін елемесе — ол туралы әсер нашар болады.

Жыныстық қарым-қатынастан кейін бірден ұйықтап қалу

Жыныстық қарым-қатынастан кейін сөйлесу әйелге жақындай түсуге көмектеседі. Ал ер адамның бірден арқасымен жатып, ұйықтап қалуы — көңіл қалдырады.

Дөрекі сөздер айту

Кейбір ерлер 18+ фильмдердегі лексиконын өмірде қолдануға тырысады. Алайда шынайы сәтте мұндай сөздер дөрекі, тіпті қорлау сияқты қабылдануы мүмкін.

Секс — тек физикалық емес, сонымен қатар психологиялық қарым-қатынас. Сондықтан бір-бірін тыңдап, өзара түсіністікке негізделген жақындық бәрінен маңызды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше