Мастурбация: Пайдасы мен зиянды тұстары
Фото. Shutterstock.

Мастурбация: Пайдасы мен зиянды тұстары


Сексуалдық революцияның пайда болғанына жарты ғасырдан асса да, біз әлі күнге дейін жыныстық қарым-қатынасқа байланысты тақырыптар жайлы ашық айтуға қысыламыз. Әлем халықтарының көбінде мастурбацияға байланысты ұят пен кінә сезімі бірден пайда болады. Алайда сексуалдық қажеттілікті қанағаттандыру – шөлді басу сияқты табиғи процесс. Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакциясы мастурбация әйелдер мен ерлердің денесі мен миына қалай әсер ететінін түсіндіреді.

Мастурбация: Пайдасы мен заянды тұстары
Фото. Shutterstock.

Әйелдерге мастурбацияның пайдасы

• Етеккір кезінде ауырсынуды азайтады

Мастурбация ауырсынуды жеңілдетіп қана қоймай, оны толығымен жоя алады. Сонымен қатар, жыныс мүшелеріндегі кернеу түсіп, жағымсыздық сезімі азаяды.

• Қауіпсіздік

Мастурбация кезінде жоспарланбаған жүктілік немесе жыныстық инфекциялар қаупі нөлге тең.

• Сұлулықтың кепілі

Оргазм кезінде әйелдің аналық бездерінде жастық гормоны бөлініп шығады. Бұл гормон терінің әдемілігіне, шаштың жылтырына, дене сымбатына және жүйке жүйесінің саулығына жауап береді.

• Өз-өзіне деген сенімділікті арттырады

Көптеген әйелдер уақыт өте келе сексуалдық құлшыныстың төмендегенін байқайды. Мастурбация либидоны арттыруға көмектесетін негізгі тәсілдердің бірі болып саналады.

Ерлерге мастурбацияның пайдасы

• Иммунитетті күшейтеді

Мастурбация стресс салдарын азайтып қана қоймай, иммундық жүйені де нығайтады. Гормондық фон жақсарып, қант диабетінің даму қаупі мен депрессияға шалдығу ықтималдығы төмендейді.

• Ұйқыны жақсартады

Оргазмнан кейін ағзада эндорфиндер, катехоламиндер және цитокиндер секілді ұйқыға көмектесетін гормондар бөлінеді. Бұл – ұйқысыздықпен күресудің тиімді жолдарының бірі.

• Сперматозоид белсенділігін арттырады

Эякуляция кезінде простата сұйықтығы бөлініп шығып, сперматозоидтардың өміршеңдігі мен белсенділігін арттырады. Айта кетейік, бұл сұйықтықтың тоқтап қалуы бедеулікке әкеп соғуы мүмкін.

Мастурбацияның зияны

Мастурбация: Пайдасы мен заянды тұстары
Фото. Shutterstock.

 • Сексуалдық қарым-қатынастағы қиындықтар

Егер ұзақ уақыт бойы тек өз-өзіңді қанағаттандырып жүрсең, серіктеспен жыныстық қатынас кезінде оргазмға жету қиындық тудыруы мүмкін.

 • Жарақат алу қаупі

Жиі мастурбация жасау жыныс мүшелерінің терісін тітіркендіруі мүмкін. Медицинада ерлерде жыныс мүшесінің сынуы немесе әйелдерде шырышты қабаттардың зақымдануы секілді жағдайлар да тіркелген.


Автор. Harper's BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше