Шафран - сау әрі жарқыраған терінің құпиясы ма?
Фото. Shutterstock. Автор. Halil ibrahim mescioglu

Шафран - сау әрі жарқыраған терінің құпиясы ма?


Ежелден бері шеберлер шафранды косметикалық мақсатта және аюрведалық медицинада қолданып келген. Оның көмегімен бас ауруын, етеккір кезіндегі түйілуді және ас қорыту бұзылысын емдеген. Миной өркениетінің әйелдері осы дәмдеуішті балауыз және қызыл жосамен араластырып, ерінге арналған бояу жасаған, ал Клеопатра болса, таңдаулы сүйіктілерімен немесе болашақ күйеулерімен кездесер алдында сүт пен шафран қосылған ванна қабылдаған десе-ді. Harper’s BAZAAR журналының жазуынша, бүгінгі күні де бұл тәжірибені қайталау артықтық етпейді.

Шафран алтынмен бағаланады, себебі ол әлі күнге дейін қолмен жиналады. Оның хош иісі ерекше әрі терінің сау және жарқырап тұруына көмектесетін пайдалы қасиеттерге ие. Сол себепті, кейбір косметикалық брендтердің зертханалары бұл компонентті кремдерге, сарысуларға және бетке арналған маскаларға қосып үлгерген. Дәмдеуіштің сығындысы гиперпигментациямен жақсы күреседі, коллагеннің ыдырауын тежейді, антимикробтық қасиетке ие, терінің қорғаныш қабатын сақтайды және ультракүлгін сәулелерді сіңіреді.

Шафран — сау әрі жарқыраған терінің құпиясы ма?
Фото. Shutterstock. Автор. Pixel-Shot

Кейбіреулер шафран мен С дәруменін салыстырып жатады, алайда сарапшылар екі ингредиентті салыстыруға болмайды деп санайды. Екеуінің де өзіндік артықшылықтары бар, сондай-ақ теріні еркін радикалдардың зиянды әсерінен жақсы қорғайды.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше