Көктем өз орнын жаймен жазға босатып жатыр, бірақ кетерінде өзінің тосын сыйларымен қуантпақ. Ғаламшарлар бізді аяқталмаған істерді бітіруге, артық дүниелермен қоштасуға және жаңа маусымға дайындалуға итермелейді. Осы аптада әр жұлдыз-жорамал белгісін не күтіп тұр?
Тоқты
Кез келген іс пен қарым-қатынасқа адал әрі жауапты түрде қарауға тырысыңыз. Егер айналаңыздағыларға шын ниетпен көмектессеңіз, дәл сондай жақсылық сізге де қайтады.
Торпақ
Қазір – қоршаған ортаны қайта сараптап, сізге жақсы әсер ететін, тыныштық сыйлайтын адамдарды ғана қасыңызда қалдыруға таптырмас уақыт. Ескі достармен қоштасу қиын, бірақ бұл қажет қадам.
Егіздер
Сізге тартымды ұсыныс түсуі мүмкін. Бұл серігіңізбен (немесе болашақ серіктеспен) байланысты болмақ. Жақында жаңа мәртебеге ие болу ықтималдығы бар.
Шаян
Ашық әрі шынайы болыңыз – сонда адамдар өздері-ақ сізге ұмтылады. Жақсы ниетпен жасалған әрекеттерді бағалап үйреніңіз және оларды пайда үшін жасалғандардан ажырата біліңіз.
Арыстан
Құттықтаймыз! Осы аптада ұзақ уақыт аяқтай алмай жүрген жобаңызды бітіресіз. Енді тек соңғы қадамдар қалып тұр және сіз мәреге жетесіз.
Бикеш
Алдағы күндері барынша мұқият болыңыз. Күтпеген кездесу өміріңізді жаңа бағытқа бұрып жіберуі мүмкін.
Таразы
Шабыт шырағы маздайды. Жаңа идеяларыңыз болашақта бағаланады, бірақ дәл қазір емес. Сол себепті бастамаларыңызды келесі дүйсенбіге қалдырған жөн.
Сарышаян
Алдағы жетістікке алғашқы қадам жасауға қолайлы кезең. Жаңа бір дүниені бастағыңыз келіп жүргенімен, бұрын батылдық жетпеген болуы мүмкін. Енді жолыңыз ашық!
Мерген
Бітпеген істер өздерін еске салады. Оларды ертерек шешкен жөн, әйтпесе олар қар секілді үйіліп кетеді. Алда қарбалас апта күтіп тұр.
Тауешкі
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Ол сізге қай бағытқа бет алу керектігін, кіммен бірлесе жұмыс істеу тиімді екенін және кімге құлақ асудың қажеті жоқ екенін айтып береді.
Суқұйғыш
Жақыныңыз сіздің ішкі қызғанышыңызды оятуы мүмкін — бұл саналы түрде емес. Алайда сезімге ермей, сабыр сақтағаныңыз абзал. Егер махаббат тақырыбы өзекті болмаса, бұл қасиет достармен қарым-қатынаста көрініс табуы мүмкін.
Балықтар
Жақсы нәтижеге жету үшін біраз тер төгуге тура келеді. Осы аптада достармен кездесулерді кейінге қалдырып, мансапқа ден қойған дұрыс. Мүмкін, сізге тәлімгердің көмегі қажет болады.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.