«Өмір сынақ»: Рауан Романи сүйіктісімен жол апатына түсті! Ғашығының жағдайы ауыр екені рас па?
Фото. Instagram @romanirauan

«Өмір сынақ»: Рауан Романи сүйіктісімен жол апатына түсті! Ғашығының жағдайы ауыр екені рас па?


«Өмір сынақ болса — біз бұл сынақты бірге өтеміз...» Рауан Романи өміріндегі жағымсыз жаңалығымен бөлісті. Актер сүйіктісі екеуін жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқанына қарамастан көлік қағып кеткен. Рауан бұл оқыс оқиғадан кішігірім жарақат алса, оның ғашығы Саида Саламатованың денсаулығына қатты зиян келген. Блогер әрі модель жол апатының кесірінен 3 тәулік бойы реанимацияда жатты. Қиын сәтте оқырманынан қолдау емес, кеңес бергісі келген Рауан, желіде:  

«Мен мұны аяушылық үшін де, назар аударту үшін де бөлісіп жатқан жоқпын. Тек бір нәрсені еске салғым келеді: өмір — қас-қағым сәт. Біз жоспар құрып, күйбең тіршілікке асығып, ұсақ-түйекке уайымдап жүре береміз — ал бір сәтте бәрі өзгеріп кетуі мүмкін. Ешқайсымыз ертең не боларын, тіпті бір сағат не бір минуттан кейін не боларын білмейміз. Біз сақтандырылмағанбыз. Жаратқанның әр адамға арналған өз жоспары бар. Сондықтан жақындарыңызды қадірлеңіздер. Оларға оларды жақсы көретініңізді айтып отырыңыздар. Өмірді кейінге қалдырмаңыздар. Әр сәттің қадірін біліңіздер», - деп жазба қалдырды.

Қазіргі таңда, Рауан мен оның сүйіктісі естерін жиып, бір қалыпқа келді. Саида да Instagram парақшасына байланысқа шығып, болған мән-жаймен бөлісті. 


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше