«Онлайн беташар»: Рауан Романи жұрттан жасырған сүйіктісін көрсетті

18 июля 2024

Онлайн беташар! Рауан Романи инстаграм парақшасында сүйіктісін оқырмандарға таныстырды. Еске салсақ, актер біраз уақыттан бері ғашығын көпшіліктен жасырып жүрген еді. Тіпті контентінде бейтаныс арудың жүзін көрсетпеуге тырысатын. Рауанның таңдауы – Саида есімді бойжеткен. Желіде 6 мыңға жуық фолловері бар ару, 2022 жылы жоғарғы оқу орнын тәмамдаған. Эстетика мен әдемілікті жаны сүйетін сылқымның кино әлеміне де қатысы бар болып шықты. Ол бірнеше фильмдер мен телехикаялардың түсіріліміне атсалысып жүр.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @romanirauan

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше