Әйгілі Сұлтан Сүлейман образымен танылған түрік актері сотталды! Халит Эргенчтің басы неге дауға қалды?
Фото. Instagram @halitergencresmi

Әйгілі Сұлтан Сүлейман образымен танылған түрік актері сотталды! Халит Эргенчтің басы неге дауға қалды?


Миллиондаған көрермені бар Түрік елінің хит жобасы «Ғаламат ғасыр» телехикаясының бас кейіпкері Халит Эргенч сотталды! Әйгілі Сұлтан Сүлейманның образы арқылы ауқымды аудитория жинаған актер 1 жыл 10 ай 15 күнге бас бостандығынан айрылды. Кино жұлдызының бұған дейін істі болмағанына орай сот үкімі шартты жаза берген. 

Дәл осы жаңалық Түрік жұлдызының фан-базасын дүрліктірді. Даулы іс түркиялық әйгілі кастинг менеджері Айше Барымның қамауға алынуынан басталған. Оған 2013 жылы үкіметке қарсы шеру ұйымдастырды деген айып тағылған еді. Осылайша, куәгерлікке онымен бірге жұмыс істеп, жақын араласып, әріптес болған барлық жұлдыз жазаға тартылып отыр. Оның арасында Халит Эргенч бар. Прокуратура Халитті тергеу кезінде жалған мәлімет берді деп айыптап, оған үкім кесті.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше