Жазғы аяқ киім – сандал, балетка мен мюль туралы уақытша ұмытатын кез келді. Күзгі маусымның басты «кежуілдері» — етік пен бәтеңке — сұранысқа еніп, салқын күндерде жылулық пен стильді қатар сыйлауға дайын. Ал оларды немен үйлестірсе сәннен қалыс қалмайсыз? Harper’s BAZAAR Kazakhstan кеңестеріне назар аударыңыз.
«Матрица» стилі
Классикалық джинсы мен клетка жейдені былғары қара куртка және замша бәтеңкемен толықтырсаңыз, заманауи әрі жеңіл ковбой стилін ұстанған боласыз. Материал мен пішім үйлесімі арқылы табиғилық пен еркіндік беріледі. Күзге арналған тамаша шешім.
Сұраныстағы тренд
Қысқа белдемше мен тізеге дейінгі етіктің үйлесімі — маусымның басты тренді. Оған ұзын пішінді пиджак пен теңіз тақырыбындағы ірі әшекейлер қосыңыз және образыңызды жылан терісінің өрнегі бар ретро сөмкемен толықтырыңыз.
Шотландиялық ертегі
Өткен жылы Dior Resort 2025 топтамасын ұсынғаннан кейін күллі сән әлемі шотланд өрнектеріне ғашық болды. Бүгінде клеткалы белдемшелер мен Фэр-Айл техникасындағы трикотаж ерекше сұранысқа ие.
Жабайы мысықтар
Биылғы жылдың басты сән саласындағы бағыты — аң өрнектері. Леопард паттерні қарапайым киіммен де ерекше әсер қалдырады. Биік өкшелі етік пен белдік қоссаңыз — look батыл әрі тартымды болмақ.
Жабайы Батыс ковбойлары
Ковбой стилі әлі де сән сахнасында. Cottagecore бағытындағы нәзіктікпен бірге бұл стиль тамаша үйлеседі. Эксперимент жасауға мүмкіндік көп, бастысы — өзіңізге еркіндік беру.
Үлкен өзгеріс
Етік пен бәтеңкені ақ блузка мен теріден тігілген миди белдемшемен киіп көріңіз. Төмен өкшелі аяқ киім, жеңіл куртка және шағын клатч — кеңседен кейінгі кешкі серуенге мінсіз комбинация.
80-жылдардың ықпалы
80-жылдардағы сән қайта оралды. Дәл осы дәуірдің силуэттері бүгінде жаңа өң алып, қазіргі таңда трендке айналды. Сәл батылдық танытып, сол стильде тәжірибе жасап көріңіз — нәтиже тамаша болатыны сөзсіз.
«Аргайл» операциясы
Күнделікті киім үлгісіне тамаша мысал — тоқыма кардиган мен жеңіл белдемше. Ол үшін құрылымды күртеше, сөмке және бәтеңке қосыңыз. Бұл элементтер образыңызға ерекшелік пен табиғилық береді.
Harper's BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметтері.