2025 жылдың күзіне басты реңк ретінде күлгін түс таңдалған еді. Дегенмен Harper’s BAZAAR España мәліметінше, оған лайықты бәсекелес болып коньяк-қоңыр түс шығады. Себебі ол әсерлі әрі сәнді көрінеді. Қанық шоколад реңкі артта қалды, оның орнын Mocha Mousse гаммасынан туындайтын жаңа баламасы басты. Prada, Miu Miu, Max Mara және Elisabetta Franchi брендтері бұл түсті өздерінің күз-қыс топтамаларына енгізіп үлгерді.
Қызығы, көптеген сән үйлері көрсетілімдерінде total-look ұсынғанды жөн көрген болатын. Кейбірі тіпті одан да әріге барып, толықтай бір материалдан тігілген костюмдер жасап, образды барынша айрықша ете алды. Әрине, коньяк-қоңыр түс басқа реңктермен де үйлесімді: көгілдір, сұр, сүт түстес және майлы-сары түстермен тамаша жарасады.
Текстураға бай образдар замша, былғары немесе жүн маталардан жасалуы мүмкін, ал пайеткамен көмкерілген сәнді киімдер образға сезімталдық сыйлайды. Ал практикалық әрі күнделікті қолдануға ыңғайлы «луктарды» да осы гаммада жинауға болады — бастысы материалдар мен реңктерді дұрыс үйлестіру. Шабыт үшін, әрине, подиумға көз тігеміз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.