Үйлену тойына арналған дресс-код: қалай қателеспей, дұрыс киім таңдауға болады?
Фото. Shutterstock.com. Автор. nadtochiy

Үйлену тойына арналған дресс-код: қалай қателеспей, дұрыс киім таңдауға болады?


Егер сіз үйлену тойына шақырту алсаңыз, ең алдымен – «Не киемін?» деген сұрақ туындайды. Киіну ережесі шараның форматына байланысты өзгереді, ал олардың түрлері аз емес. Қай стильге қандай киім кию керек – бірге талдайық.

White tie

Мұндай дресс-код сирек кездеседі, бірақ егер шақыру қағазында дәл осылай көрсетілсе – сіз нағыз салтанатты шараға бара жатқаныңызды біліңіз. Әйелдер ұзын кешкі көйлек, биік өкшелі аяқ-киім, ұзын қолғап және бағалы әшекей тағады. Ер адамдар фрак, жилет және ақ көбелектелген галстук киеді. Бұл — ең жоғары деңгейдегі ресми стиль, әдетте патшалық қабылдаулар мен дипломатиялық кештерде қолданылады. 

Black tie

Егер той 17:30-дан кейін басталса, мұндай дресс-кодтың белгісі болуы мүмкін. Ер адамдар смокинг пен бабочка тақса, әйелдер ұзын, талғаммен тігілген көйлек киеді. Дегенмен қазіргі таңда көптеген жұптар бұл ережелерге сәл жұмсақ қарайды — сондықтан нәзік коктейль көйлегі немесе ерекше аксессуарлармен толықтырылған шалбарлы костюм де жарамды болуы мүмкін.

Black tie optional

Бұл — классикалық Black Tie-дың жеңілдетілген нұсқасы. Смокинг ұсынылады, бірақ ер адамдар оны қарапайым, қатаң костюммен алмастыра алады. Әйелдер ұзын немесе коктейль стиліндегі көйлек киюге құқылы. Егер той бақшада немесе теңіз жағасында өтсе, жеңіл маталар мен ашық түстер жарасады.

Cocktail

1950-жылдары пайда болған стиль қазір ең танымал тойлық дресс-кодтардың бірі. Мұнда әртүрлі ұзындықтағы стильді көйлектер, ашық түстер мен ерекше детальдар – ойықтар, қатпарлар мен ерекше маталар рұқсат етіледі. Ер адамдарға галстуксыз костюм киюге болады. Ал әйелдерге биік өкшені балеткалармен немесе әдемі сандалдармен алмастыруға болады.

Formal attire

Бұл стиль көбірек еркіндік береді. Ер адамдарға классикалық костюм мен галстук жарасады, ал әйелдер миди, макси көйлек немесе элегантты шалбарлы костюм кие алады. Мектеп бітіру кеші немесе университет балы секілді елестетіп, сондай стиль таңдауға болады.

Тематикалық той 

Егер той шетелде өтсе, киімді орналасқан жерге қарай таңдаған жөн. Мысалы, жағажайдағы үйлену тойына жеңіл миди көйлек пен тұрақты өкшелі босоножка жарасады. Бірақ ең еркін форматтағы салтанатта да шорт пен тәпішке кию – мүлде орынсыз.

Бақшадағы той 

Бақта, саябақта немесе жүзім алқабында өтетін үйлену тойлар көбінесе жартылай ресми стильде болады. Мұндай жағдайда ағып тұратын маталардан тігілген көйлектер, гүлді принттер мен бохо стиліндегі аксессуарлар сай келеді. Бірақ шпилька тағу — шөп үстінде ыңғайсыз болатынын ескеріңіз. Оның орнына сандал немесе тұрақты өкшелі аяқ киім таңдаған дұрыс.

 Harper's BAZAAR Australia ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз. 


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.  

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше