Интимдік өмірсіз неке: мұндай қарым-қатынастан кету керек екенін білдіретін 4 алаңдатарлық белгі
Фото. Shutterstock.com. Автор. NDAB Creativity.

Интимдік өмірсіз неке: мұндай қарым-қатынастан кету керек екенін білдіретін 4 алаңдатарлық белгі


Жыныстық қарым-қатынассыз неке — ашық айтыла бермейтін, бірақ маңызды тақырыптардың бірі. Өйткені бір-біріңізге жақындасудан қашқақтау — жұп арасында жеңілдік танытқанмен тең. Секс — тек құмарлық емес, бұл жақындық, қалаулы әрі сүйікті екеніңді сезіну. Ал мұның эмоциялардың бәрі жоғалған жағдайда, өз-өзіңнен сұрай бастайсың: бұл махаббат па, әлде жай ғана көрші сияқты өмір сүру ме? Ал егер махаббат болса, қалаушылық қайда кетті? Айта кету маңызды: интимдік өмірдің болмауы әрдайым қарым-қатынастың соңы емес. Бірақ уақытша тоқырау мен түбегейлі үзілістің арасын қалай ажыратуға болады? Бұл материалда қарым-қатынастан кету керек екенін білдіретін 4 негізгі белгіні талдаймыз. 

Интимдік өмірсіз неке: мұндай қарым-қатынастан кету керек екенін білдіретін 4 алаңдатарлық белгі
Фото. Shutterstock.com. Автор. Cast Of Thousands.

Бірі қиналып жатса, ал екіншісі бәрі дұрыс сияқты кейіп танытады

Секс — тек физиологиялық қажеттілік емес, бұл — эмоциялық байланыс. Егер бір адам жақындықты шын қаласа, ал екіншісі бұл қажеттілікті елемесе, онда жалғыздық пайда болады. Бір үйде тұрып, бірге бала тәрбиелеп жатсаңыз да, бір-біріңізден іштей алшақ боласыздар. Уақыт өткен сайын бұл қашықтықты жою қиынға соғады.

Не істеу керек: Ашық сөйлесуден бастаңыз. Айыптамаңыз, сезімдеріңізбен бөлісіңіз. «Сен мені қаламайсың» демей, «Мен өзімді жалғыз сезінемін» деген дұрыс. Бірақ жауап болмаса — бұл да жауап екенін түсініңіз.

Бірге ештеңе жасағыңыз келмейді

Секс — қарым-қатынастың лакмус қағазы. Жыныстық құштарлық жоғалса, онымен бірге серігіңмен серуендеу, фильм көру, демалысқа бару сияқты ортақ істерге деген құлшыныс та жоғалады. Бейжайлық орнайды. Сіздер жұп емес, жай ғана бір шаңырақ астында бірге тұратын көршілерге айналасыздар.

Не істеу керек: Бұрын сіздерді не біріктіретінін еске түсіріңіз. Соған қайта оралғыңыз келе ме? Егер тіпті естеліктердің өзі ештеңе сездірмесе — ішкі түйсігіңізбен әлдеқашан қоштасып қойған болуыңыз мүмкін.

Интимдік өмірсіз неке: мұндай қарым-қатынастан кету керек екенін білдіретін 4 алаңдатарлық белгі
Фото. Shutterstock.com. Автор. ORION PRODUCTION.

Жиі жақындасу ашу немесе жиіркеніш тудырады

Егер серігіңіздің әр жанасуы жайсыздық тудырса, ал жақындасу әрекеттері ашуға немесе жиіркеніске ұласса — бұл жай салқындау емес. Бұл — эмоциялық алыстау. Егер сіздер көптен бері бір-біріңізге тартылмайтын болсаңыздар және мұндай шаршаудан немесе күйзелістен емес, шын ниет жоқтығынан болса — өзіңізге «неге?» деген сұрақ қойыңыз.

Не істеу керек: Өзіңізді алдамаңыз. Қалауды күштеп ояту мүмкін емес. Кейде шындықпен бетпе-бет келіп, сезімнің сөнгенін мойындаған әлдеқайда дұрыс.

Сіз жыныстық қатынас туралы армандайсыз… бірақ бұл адаммен емес

Қиял — қалыпты нәрсе. Бірақ егер ойыңызда жиі басқа біреумен жақын болу елестері пайда болып, қасыңыздағы адаммен болғыңыз келмесе — бұл дабыл. Мүмкін, денеңіз әлдеқашан бәрін түсінген болар, ал санаңыз тек дағдыдан айырылғысы келмей жүрген шығар. Әсіресе бұл қиялдарда өзіңізді тірі, қалаулы, сексуалды сезінсеңіз — серігіңіздің жанында мұны ұзақтан бері сезінбегеніңіз анық.

Не істеу керек: Бұл қиялдардан нені іздеп жүргеніңізді түсінуге тырысыңыз. Егер ол құштарлық, еркіндік, эмоциялық байлық болса — мүмкін, қазіргі қарым-қатынаста осының ешқайсысы жоқ және өкінішке қарай, енді болмайтын да шығар...


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше