Тәжірибелік кеңестер: жыныстық қатынасты қалай ұзаққа созуға болады және оргазмға жетудің жолдары
Фото. Shutterstock.com. Автор. Alena A

Тәжірибелік кеңестер: жыныстық қатынасты қалай ұзаққа созуға болады және оргазмға жетудің жолдары


Оргазмды қалай күшейтуге және ләззаттану сәтін қалай ұзартуға болады? Бұл сұрақтар – интимдік өмірін жақсартқысы келетін көптеген жұптарды толғандыратын мәселе. Сексуалдық үйлесімділікті арттырып, ләззаттың жаңа қырларын ашу үшін көптеген жайттарды түсініп алған жөн. Төмендегі мақалада біз сол аспектілердің әрқайсысын жеке-жеке талдаймыз.

Оргазм дегеніміз не?

Оргазм – бұл сексуалдық қозудың ең жоғары шегі. Ол дененің физиологиялық реакциясы, жыныстық шиеленістің күрт босауымен қатар жүреді және әдетте жағымды сезімдермен сипатталады. Оргазм кезінде жыныс аймағында тырысу байқалып, кейде ол бүкіл денеге тарауы мүмкін. Алайда бұл әрдайым қуатты немесе жайлы бола бермейді. Оргазмның қарқындылығы мен сапасы көптеген факторларға байланысты: эмоционалды сенім, психологиялық күй, қозудың күші, стимуляция әдісі және тағы басқалар.

Ерлер оргазмының түрлері

Көп жағдайда ерлер оргазмы шәует бөлінуімен байланысты. Бірақ бұл екеуі – бір нәрсе емес. Әдетте оргазм мен эякуляция бір уақытта болады, сондықтан адамдар оны бір процесс деп қабылдайды. Алайда кей жағдайларда оргазм шәуетсіз де (яғни «құрғақ оргазм»), ал эякуляция оргазм сезімінсіз де болуы мүмкін. Кейбір мәдениеттерде ер адамдарға шәуетсіз оргазмға жетуді үйретеді. Мұндай нәтижеге жыныстық стимуляцияны тоқтату сияқты арнайы техникалар арқылы жетуге болады.

Тәжірибелік кеңестер: жыныстық қатынасты қалай ұзаққа созуға болады және оргазмға жетудің жолдары
Фото. Shutterstock.com. Автор. Melnikov Dmitriy

Осылайша, ерлер оргазмының екі негізгі түрі бар:

 • Эякуляциямен болатын оргазм

 • Эякуляциясыз болатын оргазм

Ер адам да, әйел адам сияқты, жыныстық жауап реакциясының төрт сатысынан өтеді: қозу, плато, оргазм және шешілу (релаксация). Соңғы сатыда ерлерде рефрактерлік кезең болады – бұл уақытта ол қайтадан оргазмға жете алмайды. Алайда, егер оргазм шәует бөлінусіз болса, ер адам бірнеше минут ішінде бірнеше оргазмға жетіп, әйелдер секілді мультиоргазмды сезіне алады.

Әйелдер оргазмының түрлері

Әйелдер оргазмы анағұрлым көптүрлі және ерекше. Оның негізгі түрлеріне клиторлық, қынаптық, аралас және тағы басқа түрлері жатады. Әйелдер бір жыныстық қатынас кезінде бірнеше рет оргазмға жете алады. Мәселен:  

 • Клиторлық оргазм — әйелдердің басты эрогендік аймағы – клитор. Ол жыныстық еріндердің жоғарғы жағында орналасқан. Клиторды саусақпен, тілмен немесе секс-ойыншықтармен ынталандыру ең жарқын оргазм сезімін береді.

 • Қынаптық және терең қынаптық оргазм — G-нүктені (қынаптың алдыңғы қабырғасында) қоздыру арқылы пайда болады. Бірақ бұл тек бастамасы ғана: тереңірек жерлерді ынталандыру да ерекше ләззат сыйлайды.

 • Сквиртинг оргазм — әйелдік эякуляция кезінде несеп жолы маңындағы бездер мен қынап арқылы сұйықтық бөлінеді. Бұл әдетте қынаптық жыныстық қатынас кезінде болады.

 • Цервикалды оргазм — жатыр мойнын ынталандыру арқылы пайда болады. Бұл терең ену кезінде мүмкін.

 • Аралас оргазм — бірнеше эрогендік аймақты бір уақытта ынталандыру арқылы сезілетін оргазм түрі.

 • Коргазм — іш пен жамбас бұлшықеттерін белсенді жұмылдыратын дене жаттығулары кезінде туындайтын оргазм.

 • Мультиоргазм — бірінен соң бірі бірнеше оргазм алу қабілеті. Әйелдерде қозу ерлерге қарағанда баяу басылады. Эйфорияға жеткен соң, тоқтамай, стимуляцияны жалғастырыңыз. Кегель бұлшықеттерін жиырып-босату арқылы қынапқа қан ағымын күшейтіп, бірінен соң бірі оргазм алуға болады.

Тәжірибелік кеңестер: жыныстық қатынасты қалай ұзаққа созуға болады және оргазмға жетудің жолдары
Фото. Shutterstock.com. Автор. mikeforemniakowski

Сексуалдық өмірдің сапасын қалай жақсартуға болады?

Оргазм түрлері мен интимдік өмірдің басқа да қырлары туралы ұзақ әрі кеңінен айтуға болады. Бірақ бір нәрсе анық – сексуалдық үйлесімсіздік тіпті ең мықты сезімдердің өзін жойып жібере алады. Бақытымызға қарай, сексолог мамандардың айтуынша, арнайы техникалар мен жаттығулардың көмегімен оргазмды кешіктіруді, ләззат сезімін күшейтуді, тіпті бірнеше рет қатарынан оргазм алуды үйренуге болады. Міне, интимдік өмірдің сапасын жақсарту үшін не істеуге болады:

Дене жаттығулары

Физикалық белсенділік, әсіресе жамбас түбі бұлшықеттеріне арналған жаттығулар оргазмға жауапты бұлшықеттерді күшейтуге көмектеседі. Әлсіз жамбас бұлшықеттері сезімнің толық палитрасын сезінуге мүмкіндік бермейді. Кегель жаттығулары — бұл бұлшықеттерді қысып, қайта босатуды білдіреді және жыныстық қатынас кезінде бақылауды жақсартып, сезімді күшейтеді.

Таз бұлшықеттерін сезіну үшін зәр шығаруды тоқтатып көріңіз немесе жел шығуына жол бермеуге тырысыңыз. Осылай табылған бұлшықеттерді 3 секундқа жиырып, кейін босатыңыз — мұны 10 рет қайталаңыз. Күніне кемінде үш рет қайталау ұсынылады.

Медитация және релаксация

Ғылыми зерттеулерге сәйкес, стресс деңгейі, гормондық тепе-теңдік пен эмоционалдық күй оргазмның ұзақтығы мен сапасына айтарлықтай әсер етеді. Релаксация мен ішкі тыныштыққа жету кез келген мақсатқа жетуде маңызды, әсіресе сексуалдық салада. Медитация мен тынығу жаттығулары кортизол деңгейін төмендетіп, эмоционалдық үйлесімге жетуге көмектеседі. Демалған күйде ұзақ әрі жарқын ләззат алу әлдеқайда жеңіл. Сонымен қатар, релаксация қан айналымын жақсартып, сезімталдықты арттырады, бұл терең әрі ұзақ оргазмға әкелуі мүмкін.

«Окантовка» әдісі

Оргазмды бақылау — яғни «окантовка» — жыныстық қатынасты сезімге толы етеді. Бұл әдісті меңгеру оңай: жыныстық қатынас кезінде оргазм жақындаған сәтте үзіліс жасаңыз. Мұндай үзілісті 1-3 рет қайталау жеткілікті. Мақсат — оргазм қарқындылығын арттыру.

Оргазмды бақылау әдісі жыныстық қатынасты ұзартып, оны сезімге бай ете түседі. Бұл тәжірибені қолдаушылар уақыт өте келе оргазмның күшейетінін, ал ерте эякуляциядан құтылуға көмектесетінін айтады. Сонымен қатар, бұл тәсіл серіктестерге бір-бірінің қажеттіліктерін жақсырақ түсінуге, өз сезімдерін тануға және олар туралы ашық айтуға септігін тигізеді.

Тәжірибелік кеңестер: жыныстық қатынасты қалай ұзаққа созуға болады және оргазмға жетудің жолдары
Фото. Shutterstock.com. Автор. NDAB Creativity

Алдын ала аймаласу 

Прелюдияны елемеуге болмайды. Алдын ала аймалау эмоционалдық байланысты күшейтіп, ләззат алу мүмкіндігін арттырады. Мысалы, жыныстық қатынас кезінде клиторальды стимуляция әйелдің оргазмын едәуір күшейтеді. Жыныстық қатынастан бұрын серігіңізді қоздыру арқылы екі жақ та көбірек қанағат алуы мүмкін.

Ер адамдарға келер болсақ, олардың арасында да тікелей простата стимуляциясы арқылы оргазмға жете алатындар бар. Себебі ерлерде де G-нүкте бар, тек ол басқа жерде орналасқан — тік ішектің алдыңғы қабырғасынан шамамен 5 см тереңдікте, бұл – қуықасты безінің проекциясы. Бұл аймақты және оған жақын эрогендік нүктелерді тікелей не жанама түрде ұзақ ынталандыру ер адамдарға өте күшті оргазм сезімін сыйлай алады.

Сексуалдық тәжірибені түрлендіру

Тәжірибелік кеңестер: жыныстық қатынасты қалай ұзаққа созуға болады және оргазмға жетудің жолдары
Фото. Shutterstock.com. Автор. NDAB Creativity

Жыныстық позалар мен техникалармен тәжірибе жасау — оргазмды ұзартып, ләззат сезімін күшейтудің жолы. Қозғалыс жылдамдығын, ырғақты және ену тереңдігін өзгерту маңызды рөл атқарады. Жыныстық қатынас кезінде үзіліс жасап, позаны ауыстырыңыз немесе басқа аймалау тәсілдеріне (сүйісу, петтинг, ойыншықтар) ауысыңыз. Бұл — демалып, қысымды азайтып, бір-біріңізді одан әрі қоздырудың тиімді жолы. Сонымен қатар, дұрыс тыныс алу да маңызды. Егер «соңғы сәт» жақындаса, бір-екі терең әрі баяу тыныс алыңыз. Бұл жыныстық ләззаттың ұзақтығын арттырып, оргазмды күшейтуге көмектеседі.

Фармакологиялық құралдар

Кейбір жағдайларда дәрігерлер жыныстық функцияны жақсарту үшін фармакологиялық препараттарды қолдануды ұсына алады. Бұл — қан айналымын жақсартатын немесе гормондық тепе-теңдікке әсер ететін дәрілер болуы мүмкін. Олар жыныстық құштарлықты арттырып, оргазмға жету мүмкіндігін күшейтеді.

Жыныстық қатынасты ұзартатын майлар мен презервативтер

Тәжірибелік кеңестер: жыныстық қатынасты қалай ұзаққа созуға болады және оргазмға жетудің жолдары
Фото. Shutterstock.com. Автор. Hananeko_Studio

Анестетиктер (сезімталдықты төмендететін заттар) қосылған арнайы кремдер, гельдер мен спрейлер бар. Лидокаин, бензокаин немесе прилокаин негізіндегі құралдарды іздеңіз — олар арнайы жыныстық қатынас үшін жасалған.

Сондай-ақ, презервативтерді де пайдаланыңыз. Олар жыныстық мүшемен қынаптың арасында тосқауыл жасап, сезім қарқындылығын аздап төмендетеді — әсіресе қалыңдау модельдер болса. Кейбір түрлерінің сыртқы беті анестетиктермен жабылған, бұл эякуляцияны кешіктіріп, жыныстық қатынасты ұзартып, оргазм сезімін күшейтуге көмектеседі.

Таймингке байланбау

Секс тек сезіну ғана емес. Бұл — көптеген тәжірибелер мен сезімдер жиынтығы. Оны секундомермен өлшеудің қажеті жоқ. Кейде интимдік әрекетке деген көзқарасты өзгерту жеткілікті — сол кезде шиеленіс азайып, ләззат ұзаққа созылады. Сондықтан жыныстық қатынаста көбірек позитив пен еркіндік, ал уайым – азырақ болғаны жөн.

Ашық қарым-қатынас

Серіктесіңіздің қалауы мен талғамын ашық талқылау — жыныстық өмірді жақсартудың кілті. Бір-біріңізбен сенімді диалог орнатып, не ұнайтынын, не жұмыс істейтінін бірге анықтаңыз. Себебі интимдік өмірдегі үйлесім тәжірибе, темперамент және тіпті жеке тұлға типі сияқты көптеген факторлардың қосындысынан тұрады.

Психологиялық көзқарас

Тәжірибелік кеңестер: жыныстық қатынасты қалай ұзаққа созуға болады және оргазмға жетудің жолдары
Фото. Shutterstock.com. Автор. Pormezz

Білікті сексолог маманмен жұмыс жасау — жыныстық қатынас кезінде толық босаңсуға кедергі келтіретін психологиялық мәселелерді шешудің тиімді жолы. Мысалы, когнитивті-бихевиоралдық терапия сияқты әдістер адамның интимдік өмірге деген көзқарасын өзгертіп, сексуалдық сезімталдықты жақсартуға көмектеседі.

Не істеуге болмайды?

 • Тек оргазмға назар аудару — бұл ішкі қысым туғызып, ләззат алу қабілетін төмендетеді.

 • Серіктестің қалауын елемеу — екеуара шекара мен тілекті сыйлау маңызды.

 • Секс аяқталғаннан кейінгі нәзіктікке мән бермеу — бұл жақын байланысты нығайтатын маңызды сәт.

Қорытынды

Сексуалдық өмірдің сапасын арттыру — арнайы тәсілдерді қажет етеді. Оргазмды ұзарту тек физикалық техника ғана емес, сонымен қатар психологиялық дайындық, серіктеспен ашық сөйлесу және рухани жақындықпен тікелей байланысты. Маман кеңесіне жүгіну, әртүрлі мүмкіндіктерді байқап көру және эмоционалдық саулыққа көңіл бөлу — сексуалдық үйлесімге қол жеткізудің негізгі жолдары. Осындай факторлардың жиынтығы интимдік өмірді анағұрлым терең, мазмұнды әрі қанағаттанарлық ете алады.


Автор. Адель Жусупова. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше