Той алдында қашып кету: үйлену тойының қарсаңында некелерін бұзған жұлдыздар
Фото. Getty Images. Автор. Vinnie Zuffante.

Той алдында қашып кету: үйлену тойының қарсаңында некелерін бұзған жұлдыздар


Таяуда ғана Сидни Суини мен Джонатан Давиноның айырылысып кеткені жайлы белгілі болды. Бұрынғы ғашықтар екі жылдан астам уақыт бұрын уәделесу сәттерін жариялаған еді, алайда қарым-қатынастары некемен аяқталған жоқ. Мұндай жағдай шоу-бизнес әлемінде жиі кездеседі, әйгілі жұлдыздар жұртшылықтың назарында болғандықтан, өз қарым-қатынастарының мәселелерін мойындау оларға оңайға соқпайды. Алайда шынайылық сол: кейде некеге дейін де қарым-қатынас үзіледі. Үйлену тойына санаулы күндер қалғанда уәделерін бұзған танымалдар кімдер? Бұл туралы материалда толығырақ айтамыз.

Дженнифер Лопес пен Алекс Родригес

Той алдында қашып кету: үйлену тойының қарсаңында некелерін бұзған жұлдыздар
Фото. Getty Images. Автор. Frazer Harrison.

Әнші әрі актриса Дженнифер Лопес пен бұрынға бейсболшы Алекс Родригес 2017 жылы кездесе бастады. Олардың қарым-қатынасы тез өрбіп: 2019 жылдың наурызында сөз байласуларын жариялап, қуанышты жаңалығымен жанкүйерлерін қуантқан еді. Алайда 2021 жылдың сәуірінде олар ресми түрде айырылысып кеткендерін мәлімдеді, бірақ дос болып қалатындарын және ортақ жобаларда жұмыс істей беретіндерін атап өтті.

Джонни Депп пен Вайнона Райдер

Джонни Депп пен Вайнона Райдер 1980 жылдардың соңында Голливудтағы ең көп талқыланатын жұптардың біріне айналды. Олар алғаш рет «Big Fireballs» фильмінің тұсаукесерінде танысып, көп ұзамай кездесіп бастаған-ды. Депп тіпті сүйіктісінің құрметіне татуировка да салдырған еді және 1990 жылы оған үйленуге ұсыныс жасады. Алайда үш жылдан кейін олардың уәделесулері аяқсыз қалды. Депптің денесіндегі “Winona Forever” (Вайнона мәңгілікке) деген жазу кейін “Wino Forever” (Маскүнем мәңгілікке) деп өзгертілді.

Кайл Маклахлен мен Линда Евангелиста

Актер мен супермодель 1990 жылдардың басында кездесіп жүріп, 1992 жылы некелесетіндері жайлы жариялады. Бірақ арада алты жыл өткен соң, ешқандай пікір білдірместен, олар айырылысып кетті.

Брэд Питт пен Гвинет Пэлтроу

Әртістер 1994 жылы «Сегіз» фильмінің түсірілім алаңында танысты. Олардың романы тез дамып, екі жылдан кейін үйленетіндерін жариялады. Алайда 1997 жылдың маусымында олар қарым-қатынастарын тоқтатуға шешім қабылдады. Кейін Гвинет Пэлтроу өзі тым жас болғанын және сол кезеңде маңызды қарым-қатынасқа дайын болмағанын мойындады.

Кифер Сазерленд пен Джулия Робертс

Актерлер 1990 жылдардың басында «Flatliners» фильмінде бірге жұмыс істегеннен кейін кездесіп бастады. Олар тез арада некелесіп, 1991 жылдың маусымында үйлену тойын өткізбек болды. Алайда салтанатқа бірнеше күн қалғанда, Джулия Робертс тойды тоқтатып, Сазерлендтің досы Джейсон Патрикпен бірге Ирландияға ұшып кеткен еді. Кейінірек Кифер Сазерленд Джулияның бұл шешімі дұрыс болғанын, себебі екеуі де некеге дайын болмағандарын айтып түсіндірді.

Шарлиз Терон мен Шон Пенн

Сонымен қатар, бұл тізімге Шарлиз Терон мен Шон Пеннді де қосуға болады. Қоғамда көбісі оларды да неке алдында уәделерінде тұрмады деп ойлаған болатын. Алайда бірнеше жылдан кейін Шарлиз Терон олардың ешқашан некеде болмағандарын және жай ғана кездескендерін айтты.​


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше