Тарихтағы ең қымбат сақиналар
Фото. Sotheby's, Christie's және Cartier брендінің баспасөз қызметі.

Тарихтағы ең қымбат сақиналар

28 ноября 2025

Рианна орындаған культті Shine bright like a diamond жолдары, бәлкім, ең асыл әрі әсерлі тастарға арналғандай сезіледі. Осындай бірегей жауһарлардың кейбірі керемет әрі аңызға айналған зергерлік туындылардың бөлшегіне айналды. Төменде тарихтағы ең қымбат сақиналар туралы әңгімелейміз. Harper’s BAZAAR Kazakhstan сіздерге барлық мәліметтер мен бағаларын ұсынады.

Eternal қызғылт гауһар тасы бар сақина — 34,8 млн доллар

Самые дорогие кольца в истории
Фото. Sotheby's

АҚШ Геммологиялық институты қанық қызғылт түсті ерекше тасқа өте жоғары баға берген. 10,5 караттық гауһар Ботсванада табылып, 2023 жылы аукционға шығарылды. Ақ алтыннан жасалған сақинада басты тасты ерекше аша түсетін екі таза бриллиант орнатылған. Eternal — аукционда сатылған ең қымбат гауһарлардың бірі болып қала береді.

Bleu Royal сақинасы — 43,8 миллион доллар

Самые дорогие кольца в истории
Фото. Christie's

Алмұрт пішіндегі көгілдір Bleu Royal гауһары орнатылған бұл сақинада қосымша екі аппақ бриллиант (3,12 және 3,07 карат) бар. Жалпы салмағы 17,61 карат болатын әсерлі зергерлік туынды 2023 жылы 43,8 млн долларға (22,6 млрд теңге) сатылды.

Грейс Келлидің неке сақинасы — 44,3 миллион доллар

Самые дорогие кольца в истории
Фото. Пресс-офис Cartier

Аукционнан ең қымбат сақиналарды сатып алатын коллекционерлердің көпшілігі анонимді болып қалады. Кейбір әшекейлер үйлену сақинасына айналуы мүмкін, бірақ бұған нақты дәлел жоқ.

Дегенмен бұл тізімге енген бір сақина шын мәнінде қалыңдықтың «иә» деген сәтін естіген. 1955 жылы Рождествода Монако князі Ренье III Грейс Келлиге неке ұсынысын жасаған. Cartier үйі әзірлеген 10,47 караттық бұл сақина әлі күнге дейін жұлдыздар арасындағы ең қымбат үйлену сақинасы саналады.

Graff Pink — 46,16 миллион доллар

Самые дорогие кольца в истории
Фото. Sotheby's

24,78 караттық сирек қызғылт гауһар бастапқыда Graff үйіне емес, атақты зергер Гарри Уинстонға тиесілі болған. 2010 жылы бұл көгілдір таң шапағын еске салатын жұмсақ реңкті тас Sotheby’s аукционында Лоуренс Граффқа 46,16 млн долларға (23,8 млрд теңге) сатылды. Кейін ол гауһарға Graff Pink деген атау беріп, аукционда сатылған ең қымбат тастардың бірі ретінде тарихқа енгізді.

«Жозефинаның көк ай» сақинасы — 48,4 миллион доллар

Самые дорогие кольца в истории
Фото. Sotheby's

Керемет көгілдір-көк түсті ірі гауһар орнатылған бұл сақина императрицаға арналғандай көрінгенімен, атауы оның иесімен байланысты. 2015 жылы гонконгтық кәсіпкер Джозеф Лау бұл туындыны қызы Жозефинаға сатып әперген. Үшін жасалған сыйлықтың құны — 48,4 млн доллар (25 млрд теңге). Әкелік махаббат шексіз емес деп кім айта алады?

Oppenheimer Blue — 57,5 ​​миллион доллар

Самые дорогие кольца в истории
Фото. Christie's

2016 жылдың көктемінде василькалық көк түсті 14,62 караттық Oppenheimer Blue гауһары аукционда сатылып, сол кезде тарихтағы ең қымбат тас атанды. Алайда бұл атақ бір жыл ғана сақталды — 2017 жылы рекорд «Қызғылт жұлдызға» өтті.

Williamson Pink Star сақинасы — 57,7 миллион ​​доллар

Самые дорогие кольца в истории
Фото. Sotheby's

«Уильямсонның қызғылт жұлдызы» Pink Star-дан аздап кішірек болғанымен, әлемдегі ең таза гауһарлардың бірі саналады. Танзанияда табылған 11,15 караттық лосось реңкті бриллиант роза және ақ алтынмен, сондай-ақ түрлі түсті тастармен үйлесіп, негізгі жауһардың жарқырауын күшейте түседі.

«Қызғылт жұлдыз» сақинасы — 71,2 миллион доллар

Самые дорогие кольца в истории
Фото. Sotheby's

Бұл бірегей туындының жүрегі — қант мақтасына ұқсас нәзік реңкті 59,6 караттық бриллиант. 2017 жылы ол 71,2 млн долларға (36,8 млрд теңге) сатылып, аукцион тарихындағы рекорд орнатты. 1999 жылы Оңтүстік Африкадағы De Beers кенішінде табылған гауһардың бастапқы салмағы 132,5 карат болған, ал қырнау барысында көлемі айтарлықтай азайған.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше