Keep You Cozy: осы қыста сізді жылытатын кашемир жемпірлер
Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Keep You Cozy: осы қыста сізді жылытатын кашемир жемпірлер

27 ноября 2025

Кашемирден жасалған жемпірлер қысқы гардеробтың бір бөлшегіне айналғаны соншалық, басқаша болған кезді еске түсірудің өзі қиын. Жеңіл, жұмсақ әрі жылуды жақсы сақтайтын жіп қыста тамаша жылытады. Практикалық жағынан да ұтылмайды, сондықтан әмбебаптықты жоғары қоятындар трикотаж бұйымдарының кез келген жағдайда орынды болатынын жақсы біледі.

Алғашқы кашемир жемпірлері Еуропада XIX ғасырдың басында пайда болды. Сол кезеңде Шығыстан жүнді экспорттау белсенді жүріп жатқан еді. Ол кезде пашмина ең қымбат материалдардың бірі саналды. Бүгінде ол қолжетімді бола түсті және әлдеқашан сән-салтанат пен талғамның символына айналды. Ал мінсіз кашемир бұйымдарын Harper’s BAZAAR Kazakhstan ұсынған топтамадан таба аласыз.

Harper's BAZAAR мақаласының түпнұсқасын осында оқуға болады.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше