АҚШ-тың
Гарвард университетінің ғалымдары
таңғы асқа арналған ең пайдалы ботқаларды
анықтау мақсатында ауқымды зерттеу
жүргізген. Нәтижесінде бірінші орынды
зығыр дәнінен жасалған ботқа иеленді.
Зығыр
– құрамында майлы қышқылдар бар жалғыз
өсімдік өнімі. Ал бұл қышқылдар терінің
жас қалпын сақтап қалуға және жүрек-қан
тамырлары ауруларының қаупін азайтуға
көмектесетіні белгілі.
Екінші орынға қарақұмық ботқасы жайғасты. Оның құндылығы – құрамындағы өсімдік талшықтары мен В тобының дәрумендерінде. Сәйкесінше, осыған байланысты адам ұзақ уақыт бойы өзін тоқ сезінеді.
Пайдалы
ботқалардың қатарына кәдімгі сұлы
ботқасы да кіреді. Бұл дақылды әсіресе
ішек микрофлорасы бұзылған адамдарға
тұтыну ұсынылады.
Аударған. Қорлан Тұрсынбекова.