Артық салмақтан құтылуға көмектесетін табиғи өнімдер
Фото. Shutterstock.

Артық салмақтан құтылуға көмектесетін табиғи өнімдер


Тиімді арықтау үшін дұрыс тамақтанып, үнемі спортпен айналысуға тырысу қажет. Десе де көптеген адамдарға салауатты өмір салтын өзгертуге көмектесетін қосымша өнімдер де керек. Себебі табиғи қоспалар тәбетті төмендетіп, калорияларды жағуға және ағзадағы тағамды тезірек қорытуға ықпал етеді. Артық салмақ туралы мәңгі ұмыту үшін, қандай табиғи өнімдерді тұрақты түрде тұтыну керек екенін қарастырайық.

Кофеин

Артық салмақтан құтылуға көмектесетін табиғи өнімдер

Кофеин - майларды ыдыратып, артық калорияларды жағуға көмектесетін керемет қоспа ретінде танылған. Айта кетсек, кофеин тек кофеде ғана емес, кола жаңғағында, шайда және көптеген шөптерде де кездеседі.

Жасыл кофе

Артық салмақтан құтылуға көмектесетін табиғи өнімдер

Диетологтар кеңінен қолданатын жасыл кофе дәндері қандағы қантты майға емес, бірден энергияға айналдыруға қабілетті екенін алға тартады.

Жасыл шай

Артық салмақтан құтылуға көмектесетін табиғи өнімдер

Жасыл шай – бүкіл әлемде танымал сусын ғана емес, сонымен қатар артық салмақ тастауға көмектесетін табиғи өнім. Ғалымдардың айтуынша, ол ағзада түзілетін майды жағуға әсер етеді.

Африка мангосы

Артық салмақтан құтылуға көмектесетін табиғи өнімдер

Мамандардың айтуынша, Ирвингия габонская өсімдігі салмақ тастауға көмектесіп, май тіндерінің түзілуіне жол бермейтінін айтады. Дегенмен, табиғи өнімдер адам ағзасы үшін қауіпсіз болғанымен, африка мангосын шамадан тыс тұтыну ұйқының бұзылуына әкелуі мүмкін.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Pexels, Shutterstock.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше