«Сүйіктім маған әлем сыйлады»: Akha мен Aishka ата-ана атанды!
Фото. Instagram @aishka_adi. Автор. @baidarova.alua

«Сүйіктім маған әлем сыйлады»: Akha мен Aishka ата-ана атанды!

Гүлдана Мұқан
24 октября 2025

Танымал музыкант Akha алғаш рет әке атанды! Музыкант сүйінші жаңалығын Threads әлеуметтік желісінде бөлісіп, қуанышын көпшілікпен бірге атап өтті.

«Бүгін таңертең мен әке атандым, сүйікті әйелім маған әлем сыйлады», – деп жазды Ахмет Өсербек. Бөбек 2023 жылы шаңырақ көтерген Akha мен Aishka-ның тұңғышы. Ерлі-зайыптылардың дүниеге келген сәбиі — ұл. Бұған дейін жұлдыз жұп ерекше форматта gender party ұйымдастырып, көпшіліктің жылы лебізіне бөленген еді.

Фото. Threads @aakha23

Айта кетейік, Akha күні кеше су жаңа «Орхидея» атты лирикалық туындысын ұсынған болатын. Ән музыканттың сүйіктісіне арналған, өйткені оның гүлге деген ерекше ықыласын ашқан дәл осы ару.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше