«Екі күн бойы жыладық»: Akha мен Aishka gender party жасады! Болашақ сәби ұл ма әлде қыз ба?
Фото. Instagram @aishka_adi.

«Екі күн бойы жыладық»: Akha мен Aishka gender party жасады! Болашақ сәби ұл ма әлде қыз ба?


Әрдайым эстетика мен махаббатқа толы контентімен жүректерді жаулап жүрген Akha мен Aishka алғаш рет ата-ана атанбақ. Жұп болашақ сәбилерінің жынысын білу үшін ерекше gender party ұйымдастырды.

Маңызды күнге олар ұзақ әрі мұқият дайындалған. Аиша өз креативін қосып, шараны ерекше етіп өткізуді мақсат еткен. Декорацияда Ахмет пен Аишаның бала кезіндегі суреттері пайдаланылды: егер қонақтар қыз болады деп ойласа – Аишаның, ұл болады деп топшыласа – Ахметтің суретін таңдаған. Әсем безендірілген тәттілер, үйлесімді dress-code – бәрі де жоғары деңгейде.

Тартысты сәтте көптен күткен жаңалық белгілі болды: болашақ бөбектері – ұл! Қуанышын жасыра алмаған жұп көк түсті гүлдердің түсіне қарап бұл сәтті жариялады.

Аиша жүрекжарды жазбасында: «Сен сияқты жандар көп болуы тиіс», – деп жары Ахметке арнаған алғысын жеткізді. Осылайша, көптің сүйікті жұбы болашақта атұстарлы болатынын қуанышпен бөлісті.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше