Шашыңызға қосымша қоректендіру қажет екенін білдіретін 5 белгі
Фото. Shutterstock. Автор. voktybre

Шашыңызға қосымша қоректендіру қажет екенін білдіретін 5 белгі


Шашымызға ішкі және сыртқы көптеген факторлар әсер ететіні белгілі. Біз жиі шаш пен бас терісін ылғалдандыру қажет екенін естиміз — бұл рас. Десе де қоректендіру туралы да ұмытпау керек. Harper’s BAZAAR España сарапшылары шашқа қосымша күтім қажет екенін білдіретін белгілерге назар аударуға кеңес береді.

Шашқа қорек жетіспейтінін қалай анықтауға болады?

Біріншіден, шашыңыз сау көрінбейді: олар күңгірт, әлсіз және жылтырамайды. Екіншіден, шаштың құрылымы кеуекті болып кетеді, сондықтан олар ұзақ уақыт бойы кебеді. Үшіншіден, шаш кутикуласы ретсіз және ұсқынсыз көрінеді (бұл тек шаштаразға бармағаныңыздан емес). Төртіншіден, шаш жиі және оңай сынады және соңында — шашты сәндеу қиынға соғады. Егер осы белгілердің бірнешеуі немесе бәрі сізге тән болса, күтіміңізге қосымша өнімдер енгізу қажет.

Сульфаттар мен силикондарсыз, табиғи құрамдағы құралдарды іздеңіз. Омега-3, омега-6, олеин қышқылы және рыжиковое майы сияқты белсенді компоненттер шаш күтімінде маңызды рөл атқарады. Олар шашқа жарқырау, жылтыр сыйлап, терең қоректендіреді.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Пресс-офисы марок. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше