Апталық жұлдыз-жорамал: 16–22 маусым аралығында сізді не күтіп тұр?
Фото. Алессандро Тонини.

Апталық жұлдыз-жорамал: 16–22 маусым аралығында сізді не күтіп тұр?


Жаздың алғашқы айы енді ғана басталды десек те, біраз оқиғаларды бастан кешіп үлгерген шығарсыздар. Алда бізді тағы не күтіп тұрғанын елестетіп көріңізші. 16–22 маусым аралығында жұлдыз-жорамал бізге сабырлы, байсалды өмір ырғағын ұстануға кеңес береді. Бірақ бұл барлық зодиак белгілеріне бірдей айтылған ақыл емес. Толығырақ төменнен оқи аласыз.

Тоқты

Маңызды тапсырмалар мен құжаттарға қатысты істерді бейсенбі мен жұмаға қалдырған жөн. Осы күндері сізге шабыт келіп, жаңа биіктерге жетуге ынта пайда болады. Ал аптаның алғашқы уақытын тұрмыстық мәселелерге арнаған дұрыс.

Торпақ

Қазір демалып, ағыммен жүруге болатын кезең. Тағдыр сізді өзіңізді жайлы сезінетін жерге апарады. Бұл тіпті ата-анаңыздың үйі болуы әбден мүмкін.

Егіздер

Істеріңіз сәтті өрбиді. Бірақ сезімге тым беріліп кетуден абай болыңыз. Айтқан сөзіңіз жақындарыңызды немесе таныстарыңызды ренжітіп алуы мүмкін. Жағымсыз эмоциялар тізбегін өзіңіз бастамаңыз.

Апталық жұлдыз-жорамал: 16–22 маусым аралығында сізді не күтіп тұр?
Фото. Алессандро Тонини.

Шаян

Жаңа жобаларды бастамай, аяқталмай қалған істерді бітіруге көңіл бөліңіз. Әйтпесе, барыңыздан айырылып қалу қаупі бар. Қазір еңбек етуге мүмкіндік мол, тек соны дұрыс пайдалану қажет.

Арыстан

Көңіл күйіңіз жиі құбылып, оқиғаларға деген көзқарасыңыз да екіұшты болуы мүмкін. Эмоцияңызды бақылауға алып, алға жылжи беріңіз. Егер апатия бір аптадан ұзаққа созылса, жақындарыңызбен немесе маманмен сөйлескен жөн.

Бикеш

Марстың ықпалымен бойыңызда мол энергия пайда болады. Сол қуатты мақсатқа бағыттап, табысқа жету үшін бар күшіңізді салыңыз.

Апталық жұлдыз-жорамал: 16–22 маусым аралығында сізді не күтіп тұр?
Фото. Алессандро Тонини.

Таразы

Өз ойыңызды түсінетін адамдармен біріккен дұрыс. Қсылып жұмыс істесеңіз, жақсы қаржылай табысқа қол жеткізіп, үлкен жетістіктерге жету мүмкіндігі жоғары.

Сарышаян

Бұл аптада жауапкершіліктен қорықпаңыз. Үлкен жобаларға батыл кірісіңіз. Қоғамдық пікір мен сәтсіздіктен қорықпай, сеніммен әрекет етіңіз — бәрі сәтті болады!

Мерген

Мақсатқа асықпай, сенімді түрде жеткен жөн. Кенет әрекеттер көбінесе сәтсіздікке ұшыратады. Алдымен нақты жоспар құрып, оны мұқият тексеріңіз, сосын ғана іске кірісіңіз.

Апталық жұлдыз-жорамал: 16–22 маусым аралығында сізді не күтіп тұр?
Фото. Алессандро Тонини.

Тауешкі

Бұл аптада назарыңызды жақындарыңызға — достарыңызға, отбасы мүшелеріне және сүйіктіңізге аударыңыз. Олардан алған жылулық пен қолдау сізге жаңа серпін беріп, жан дүниеңізді емдеуге көмектеседі.

Суқұйғыш

Сабыр сақтап, адамдармен танысқанда абай болыңыз. Күмәнді істерге араласпағаныңыз дұрыс. Жалпы бұл әрдайым маңызды, бірақ алдағы аптада ерекше мұқият болу керек. Жақын арада сеніміңізді пайдаланып кеткісі келетіндер табылуы мүмкін.

Балықтар

Сізге де, басқа белгілерге де маңызды істерді демалыс күндеріне немесе келесі дүйсенбіге қалдырған дұрыс. Шұғыл қажет болса да, бірден кенет өзгерістер жасамауға тырысыңыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше