Назарларыңызда Алма мен Алиса Тұрсенқызы! «Халықаралық балаларды қорғау күнінде» Баян Алагөзова кішкентай ханшайымдарын көпшілікке таныстырды. Продюсер қос қызының суретін өзінің Instagram парақшасына жүктеп, оқырмандарына тосын сый жасады. Алма мен Алисаның кімге тартқанын көрсету үшін, Мақсатқызы өзі және күйеуі Тұрсен Алагөзовтың жас кезіндегі фотоларын да көрсетті. Ескі таспадан Алманың - әкесіне, ал Алисаның - анасына ұқсағанын байқауға болады. Медиа тұлға тіпті балалық шағында шашының сары болғанын да ашық айтып, балақайлардың аққұба екенін дәлелдеді. Еске салсақ, Алагөзовтер әулетінің қыздары тамыз айында 1 жасқа толмақ.