Суық маусым жақындап келеді, сондықтан оған алдын ала мұқият дайындалу маңызды. Әрине, айналаны мерекелік атмосфера билегенімен, жұмысқа баруды ешкім тоқтатқан жоқ. Сол себепті тәжірбиелілік, іскерлік және жайлылық арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажет. Біз сіздерге ұнауы мүмкін қыс мезгілінде кеңсеге киетін ыңғайлы образдар дайындадық.
Сұраныстағы ұзындық өлшемі
Сіздің мақсаткерлігіңіз бен жеңілдігіңізді көрсетудің ең оңай жолы — ықшам әрі минималистік көйлек кию. Оны айшықты аксессуарлармен толықтыруға болады: жұмсақ құлаққаптар, кулон және классикалық ботиелер образды жинақы әрі стильді етеді.
Қызметтегі роман
Фэр-Айл техникасымен тоқылған свитерлер мен кардигандар кез келген образға жылы әрі жайлы реңк береді. Айтпақшы, жұмыс күнінен кейін водолазканы шешіп немесе оны топқа ауыстырып, әріптестеріңізбен кешкі асқа не коктейльге бара аласыз.
Лондон көшелеріндегі серуен
Harper’s BAZAAR Kazakhstan қысқы жұмыс образдары күрделі немесе шектен тыс әшекейлі болмауы тиіс екенін айтады. Керісінше, олардың негізінде — текстуралар мен фасондармен толықтырылған қарапайым тартымдылық жатыр. Тізеден сәл төмен пальтоны қалың жемпір, миди-белдемше және биік етікпен үйлестіріп көріңіз.
Геометрия сабағы
Аргайл принті — іскер де, күнделікті образға да жарасатын әмбебап өрнек. Жұмыс күндері оны былғары белдмеше, тығыз колготки және биік өкшемен толықтыруға болады. Текстуралы тренч бұл «лукке» жақсы үйлеседі.
Чарлидің періштелері
Жіңішке тік жолақты классикалық костюм power dressing түсінігін жаңа қырынан ашады. Жібек блуза, жүн пальто және лоферлерді басқа киімдермен алмастыруға болады: қандай жағдайда да жакет пен шалбар жинақы әрі қатаң көрінеді.
Көбірек аксессуарлар
Пальто мен ерекше шоколад түсті бас киімнің үйлесімі сізге «Гарри Поттер және От Кубогы» фильміндегі Виктор Крамды еске салуы мүмкін. Бірақ мұндай ассоциациядан қорықпаңыз. Сыртқы киім мен ерекше бас киім — өте түпнұсқа әрі жылы дуэт.
Леди Мадонна
Қыс мезгіліне тек етік пен ботинка ғана жарасады деген қате пікір. Жабық туфли де must have бола алады. Оларды ұзын көйлекпен, жүн пальтомен және былғары аксессуарлармен үйлестіріңіз. Мұндай образ біркелкі, үйлесімді болып, өзіңізге деген сенімділікті арттырады.
Harper's BAZAAR мақаласының түпнұсқасын мұнда оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.