Жыл сайын косметикалық және парфюмериялық брендтер көптеген жаңа композицияларды таныстырады. Осылайша сөрелерде марканы да, өзіңізді де жаңа қырынан ашуға көмектесетін шлейфтер пайда болады. Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакциясы 2025 жылдың назар аударуға тұрарлық жаңа хош иістерін бір материалда жинады. Әрқайсысы туралы толығырақ айтып береміз.
TOM FORD Oud Voyager
Атауы айтып тұрғандай, парфюмнің негізгі екпіні — уд. Айта кетейік, TOM FORD бұл компонентті өз шлейфтерінің орталығында бұрын да жиі қолданған. Осы жолы удқа герань, қызғылт бұрыш, қызыл пион және шафран үйлеседі. Шығыстық болмысы бар бұл хош иіс ағашты- гүлді топқа жатады.
Zielinski & Rozen White Sage, Neroli
Бұл композиция — таза, тыныш әрі ой-толғауға шақыратын хош иіс. Zielinski & Rozen командасының айтуынша, ол «жай ғана болу үшін» жасалған. Ақ шалфей мен неролидің медитативті ноталары босаңсуға және өзіңді үздік нұсқасына айналдыруға ұмтылуды бір сәтке қоюға көмектеседі.
Prada Paradoxe Radical Essence
Цитрусты ноталар мен фисташканың ерекше үйлесімі бұл парфюмді өзгеше етіп көрсетеді. Бірқалыпты деп атау да қиын: дәмдеуіштер, жасылдық пен пудра ноталары шлейфке көпқырлылық беріп, назардың дәл ортасына шығуға мүмкіндік береді.
Amouage Purpose 50
Ағашты әрі ащылау унисекс-хош иіс тұрақты шлейфтерді жақсы көретіндерге ұнайды. Жоғарғы ноталарында — бергамот, қызғылт бұрыш, ладан; ал базалық ноталарда шафран, замша және мистикал үйлеседі.
Jil Sander Leaf
2025 жылдың жаңа хош иістері тек терең әрі ауыр емес. Parfum атауы Leaf («Жапырақ») оның болмысын нақты көрсетеді. Негізінде — жасыл ноталар, сонымен қатар цитрустар мен альдегидтер. Фужерлі шлейф көбіне жеңіл, таза және сергек композицияларды ұнататындарға жақын болады.
Byredo Rose of No Man's Land Absolu
Rose of No Man’s Land Absolu — жемісті әрі гүлді хош иіс. Стереотипке қарамастан, ол әйелдерге де, ерлерге де жарамды деп есептеледі. Ағаш аккордтары аздап тереңдік берсе, таңқурай, пион және қара қарақат ноталары композицияны жұмсартады.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.