Өздерінің аутизмдері жайлы ашық айтқан жұлдыздар
Фото. Shutterstock.com. Автор. Andrew Harnik

Өздерінің аутизмдері жайлы ашық айтқан жұлдыздар


Аутизм - ауытқу немесе емделетін ауру емес, бұл — адамның бойындағы өзгеше даму ерекшелігі. Дегенмен, қоғамда әлі де көптеген қате пікірлер бар. Біреулер аутизм толыққанды өмір сүруге кедергі болады десе, енді біреулер ол барлығында бірдей көрінеді деп ойлайды. Ал шын мәнінде, аутизм – әр адамға әртүрлі әсер ететін спектрлі күй. Біреулеріне қарым-қатынас жасау қиынға соқса, кейбіреулер жарыққа, дыбысқа немесе жанасуға аса сезімтал, енді біреулеріне жаңа жағдайларға бейімделу ауырлық тудырады. Бірақ бір нәрсе анық: бұл — үкім емес, олардың арасында да көптеген жетістікке жеткен шығармашыл тұлғалар аз емес. Осы материалда біз өздерінің аутизмдерін ерекшелік ретінде қабылдап, жеңіс жолында оның кедергі келтірмегенін ашық айтып жүрген жұлдыздар жайлы сөз қозғаймыз.

Энтони Хопкинс

Өздерінің аутизмдері жайлы ашық айтқан жұлдыздар
Фото. Getty Images. Автор. David Livingston.

Ганнибал Лектердің рөлі арқылы танылған аңыз актер өзінің диагнозын 70 жасында ғана білген. 2017 жылы ол көпшілік алдында аутизмі бар екенін айтып, бұл ерекшелік оның кәсіби жолында біраз көмектескенін мойындады. «Маған адамдардың болмысын талдап, мінез-құлқын зерттеу ұнайды», – дейді әртіс.

Кортни Лав

Өздерінің аутизмдері жайлы ашық айтқан жұлдыздар
Фото. Getty Images. Автор. Getty Images.

Әнші өзіне қойылған диагнозын бала кезінде білген. 1994 жылғы сұқбатында ол кішкентай күнінде көп сөйлемейтіндігін, бірақ кейіннен мінезі күрт өзгеріп, белсенді түрде өзін көрсете бастағанын айтқан болатын.

Сиа

Өздерінің аутизмдері жайлы ашық айтқан жұлдыздар
Фото. Shutterstock.com. Автор. Emily Feary.

Әнші жақында ғана өзінде аутизм барын көпке жария қылған еді. Бір подкастта: «Өмір бойы өзіме «адамдық костюм» кию керек екенін сезетінмін. Тек соңғы екі жылда ғана мен өзімнен жайлылық сеземін», – деп мойындады.

Эминем

Өздерінің аутизмдері жайлы ашық айтқан жұлдыздар
Фото. Getty Images. Автор. Theo Wargo.

Рэпердің аутизм спектрінде екені туралы бұрыннан айтылып жүрген. Бірақ бұл ақпаратты ол Legacy атты әнінде растады. Тректе музыкант өзінде Аспергер синдромы барын айтқан-ды. Мұндай жандар адамдармен қарым-қатынас орнатудан қашады, өйткені эмоция білдіру мен сөйлесу оларға қиынға соғады. Сондай-ақ дыбысқа, иіске және жанасуға аса сезімтал болып келеді.

Илон Маск

Өздерінің аутизмдері жайлы ашық айтқан жұлдыздар
Фото. Getty Images. Автор. Samuel Corum.

Tesla мен SpaceX негізін қалаушысының да Эминем сияқты психикалық даму ерекшелігі бар болып шықты. «SNL жүргізу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл - тарихи сәт, себебі мен - Аспергер синдромы бар алғашқы жүргізушімін. Немесе, ең болмағанда, мұны мойындап тұрған алғашқы адаммын», – дейді Илон Маск.

Белла Рамзи

Өздерінің аутизмдері жайлы ашық айтқан жұлдыздар
Фото. Getty Images. Автор. Matt Winkelmeyer.

«The Last of Us» сериалының жұлдызы өзінде аутизм бар екенін алғашқы маусымның түсірілімі кезінде білген. Бұл оған үлкен жеңілдік болғандай: «Енді мен басқаларға оңай болып көрінетін нәрселерде қиындықтарға тап болдым деп өзімді кінәламай, өзіме жұмсақ бола аламын».


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше