Мадина Сәдуақасова ұлына пәтер сыйға тартты! Эстрада жұлдызы атұстарының туған күніне орай осындай ауқымды тосын сый жасады. Әнші жалғыз ханзадасының эмоциясын өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, оқырмандарына көрсеткен. Сәдуақасова үйді Әнуардың мектебіне жақын болу үшін арнайы сатып алғанын айтты. Өнер иесі баласының бұл үйді көптен армандағанын да жасырмады.
«Балаға пәтер сыйласаң, оның өміріндегі 10 жылын жеңілдетесің дейді ғой! Ал біз тура мектебінің қарсы бетінен пәтер алып, өз өмірімізді жеңілдеттік. Енді тек жолдан өте саламыз – Алматының кептелісінде сағаттап тұрмаймыз. Үйге өзімізге ыңғайлы етіп жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жөндеу әлі жүріп жатыр, бұйыртса, 1 қыркүйектен бастап мектепке осы үйден қатынаймыз! Туған күнің құтты болсын, балам! Үйің құтты да, берекелі болсын!», - деп өнер иесі жүрек жарды лебізін жеткізді.