ALEM, ZAQ, Тұрсен Алагөзов! Декреттегі әкелер: Қазақстанда қалыпты құбылыс па?
Фото. Instagram @zaqcount

ALEM, ZAQ, Тұрсен Алагөзов! Декреттегі әкелер: Қазақстанда қалыпты құбылыс па?


ALEM, ZAQ, Тұрсен Алагөзов... Бұл бүгінгі таңда ресми декреттік демалыс алған жұлдыз серілердің тізімі. Алғаш әке атанған сәттен бастап «Ninety One» тобының мемберлері: Батырхан Мәлік пен Дулат Мұхаметқалиев  жұбайларына жәрдем беріп, бала бағу үшін өнердегі шығармашылығын тоқтатып, декретке шықты. Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсен Алагөзов те кішкентай қос ханшайымына жеткілікті уақыт бөлу үшін бастапқы 6 ай бойы үйде отыруға тырысқан болатын.

Бүгінде қоғамда гендерлік рөлдер жайлы түсінік өзгеріп келеді. Бұрын тек әйел адамның міндеті деп саналатын декреттік демалыс енді ер адамдар үшін де ашық мүмкіндікке айналып отыр. Бұл үрдіс әлемде бірнеше жылдан бері қалыптасып үлгерді, ал Қазақстанда ше?

Әке – баланың алғашқы тәрбиешісі бола ала ма?

Қазақстанда «әкелер – отбасының асыраушысы, ал аналар – бала күтімімен айналысатын жан» деген стереотип әлі де басым. Бірақ соңғы жылдары бұл көзқарас біртіндеп өзгеріп келеді. Әсіресе ірі қалаларда, білімді, саналы отбасылар арасында декретке шығатын әкелер көбейіп жатқанын байқауға болады.

Мұндай шешімнің бірнеше себебі бар:

 • Анасы отбасында негізгі табыс табушы болса;

 • Әкесі бала күтімімен шын ниетпен айналысқысы келсе;

 • Қоғамдық түсінік пен заңнамалық қолдаудың артуы.

Заң не дейді?

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде декреттік демалысты тек ана емес, әке де ала алады. «Бала күтімі бойынша демалыс балаға үш жасқа толғанға дейін бір ғана ата-анаға беріледі» деген норма бар. Яғни, отбасында бұл мәселені өзара келісіп, шешу құқығы бар.

Қоғам қалай қабылдайды?

Декреттегі әке – бұл әлі де көпшілікке тосын көрініс. Әсіресе ауылдық жерлерде мұндай қадам ер адамның мәртебесіне күмән келтіреді деген пікірлер әлі де жиі кездеседі. Бірақ бұл жағдай өзгере бастағаны қуантады.

Әлеуметтік желілерде өз тәжірибесімен бөлісетін әкелердің саны артты. Олар бала тәрбиесіндегі рөлін мақтанышпен айтып, басқа ер адамдарға да шабыт беруде. Бұл – үлкен мәдени өзгерістің белгісі.

Әкенің бала тәрбиесіне белсенді араласуы нені өзгертеді?

Зерттеулер көрсеткендей, әкенің алғашқы үш жылда баламен тығыз қарым-қатынас орнатуы оның эмоционалды және когнитивті дамуына оң әсер етеді. Сонымен қатар, ана да кәсіби дамуын тоқтатпай, қоғамға қайта оралуға мүмкіндік алады.

Декреттегі әке – бұл әлсіздік емес, керісінше, жауапкершілік пен жан-жақты ойлаудың белгісі. Қазақстанда бұл құбылыс әлі де кең тарала қоймағанымен, алғашқы қадамдар жасалды. Қоғамда әкенің отбасындағы белсенділігі мен жанұяға деген шынайы қамқорлығы бағаланатын күн де алыс емес.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше