Қысқы маникюр трендтері алдағы маусымның көңіл-күйін дәл сипаттап береді. Сарапшылар минимализмге қатты әуестенбей, түрлі нейл-арт түрлерін батыл сынап көруге кеңес береді. Әрине, жарқыраған элементтер мен металл эффектілері де назардан тыс қалмады — жаңа жыл жақындап келеді.
Шоколад реңктерін жақсы көретіндер үшін жағымды жаңалық: бұл палитрадан бір емес, екі түстің бірден ең танымалдардың қатарына енгені. Шеберлер еркін әрі табиғи дизайнды да, сондай-ақ түрлі текстураларды — жылтыр және барқыт өңдерін де ұмыт қалдырмаған.
Келе жатқан 2026 жыл — Қызыл Отты Жылқы жылы. Сондықтан алқызыл және оған жақын түстер гаммасын да өзекті бағыттардың бірі ретінде қарастыруға болады. Бірақ қысқы маникюр трендтері мұнымен шектелмейді. Harper’s BAZAAR Kazakhstan сіздерді осы материалда толық таныстырады.
Меруерт нүктелер
Қанық қою реңктер
Ащы шоколадтың түсі
Фундук реңкі
Барқыт тырнақтар
Мұздай пастель реңктері
Қарапайым да, күрделі де геометриялық өрнектер
Қысқа тырнақтағы нейл-арт
Металлик акценттері
Көбірек глиттер
Harper's BAZAAR материалының түпнұсқасын осында оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.