Мықты қарым-қатынастың маңызы: 5 басты фактор
Фото. Личный архив Александра Шахова, Shutterstock.

Мықты қарым-қатынастың маңызы: 5 басты фактор


«Махаббатпен ғана алысқа бару қиын» - бүгінде халық даналығына айналып үлгерген сөз. Әрине, шынайы әрі өзара сезім – кез келген қарым-қатынастың іргетасы болуы тиіс. Бірақ уақыт өте келе құмарлық пен тартымдылық әлсіресе ше? Онымен қоса күмән пайда болып, «Бұл менің адымым ба? Ұзақ әрі мықты қарым-қатынасты сақтау мүмкін бе?» деген сауал пайда болады. Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакциясы дәл осы сұрақтың жауабын әлеуметтік психолог, гендерлік және отбасылық қатынастар жөніндегі сарапшы Александр Шаховпен бірге іздеп көрді. Ол мықты қарым-қатынастың негізін құрайтын 5 негізгі «тіректі» немесе деңгейді атап өтті.

Мықты қарым-қатынастың негізі неде: 5 басты фактор
Александр Шахов — әлеуметтік психолог, гендерлік және отбасылық қатынастар саласының сарапшысы, психолог, Психологиялық көмек көрсету орталығының жетекшісі.

1. Жыныстық тартымдылық

Бұл – сексуалдылық пен ғашықтық дегенді білдіреді. Ер мен әйел бір-біріне тартыла білуі керек. Олар бір-біріне ынтық болуы қажет.

Кейде әйел қауымы: «Ол жақсы адам, бірақ мен оны жақсы көрмеймін, себебі мені өзіне тартпайды» дейді. Мұндай жағдайда ол қаншалықты жақсы болса да, мұндай қарым-қатынастан ештеңе шықпайды. Жыныстық тартымдылық – бұл табиғаттың, гормондардың деңгейі, ол біздің еркімізден тыс. Содан да болар, «Махаббат – зұлымдық» деп жатады. Өйткені аталмыш құбылыс біздің басқаруымыздан тыс инстинкт. Әрине, жыныстық үйлеспеушілікті басқа қажеттіліктермен толтыруға тырысып көруге болады, бірақ ол үнемі үлкен мәселе болып қала береді. Әсіресе ер адамдар үшін, себеп: жыныстық ресурстар ерекше маңызды болғандықтан.

Мықты қарым-қатынастың негізі неде: 5 басты фактор

Мысалы, әйел өзінің сексуалдық тартымдылығын жоғалтқанда, ер адам үшін бұл қарым-қатынас әлсірей бастайтын қауіпті кезең.

2. Эмоциялық жақындық пен үйлесімділік

Бір-бірінің сезіміне құрметпен қарау деген осы, яғни: мен серігімнің эмоциясын байқаймын, бағалаймын, ал ол менің жағдайымды түсінгісі келеді, ренжітпеуге тырысады, ымыраға келуге дайын. Бұл – махаббаттың нағыз көрінісі.

Махаббат – гормон жайлы емес, ол эмоцияға деген құрмет.

Егер мен біреуді ренжітсем барып сұраймын, түсінуге тырысамын. Себебі ол қарым-қатынастағы эмоционалды жұмыс. Бұған үйрену қажет, бірақ әйелдерге бұл оңайырақ, өйткені қабілет олардың психологиясында бар. Әйелдер әлемінде эмоция – маңызды, ал ерлер үшін көбіне жарыс, жеңістің орны басым.

3. Интеллектуалдық деңгей

Ақыл-ой деңгейінің сәйкес келуі. Мәселен, ақылды ер адамға анекдоттағы қарапайым аққұба келген арумен қызық емес. Ол өзімен бір деңгейде әңгіме дүкен құра алатын әйелдер қоғамын іздеп, аңсаумен өтеді.

Сондай-ақ, егер әйелде өзін дамытқысы келіп, психологияны оқып, білімін арттырумен болса, ал ер адам ештеңеге қызықпай, бала кезіндегі «Үш тораймен» шектеліп, 30-ға келген шағында тек футбол қараумен болса – онда ол екеуіне қарым-қатынаста қиын болады. Ортақ қызығушылық пен ойлау деңгейінің сәйкестігі әркез өте маңызды.

Мықты қарым-қатынастың негізі неде: 5 басты фактор

Бұл деңгейді тексеру оңай: егер екеуіңіз бір әзілге күле алсаңыздар – интеллекттеріңіз сәйкес. Ал егер сіз нәзік ағылшын юморына күлсеңіз, ол тек әскери қалжыңдарға ғана түсінік танытса – ұзаққа бару қиын.

4. Рухани деңгей

Аталмыш саты– құндылықтар мәселесі. Бұл Исаға немесе Мұхаммедке сену емес, «Мен үшін не маңызды? Қандай моральдық принциптерім бар?» деген сұрақтың жауабы. Мысалы: жауапкершілік, адалдық, сенімділік. Ер адам: «Ең бастысы – отбасы. Мен бизнес жүргіземін, кейде алдаймын, алаяқтықпен айналыссам да – отбасымды асыраймын» деуі мүмкін. Бір жағынан, оның отбасысына деген жауапкершілігі бар, бірақ басқа адамдардың ақысына кіріп, опасыздықпен қарау. Егер әйелдің де өмірге деген көзқарасы сондай болса – олар бір-бірін тапқан, жарасымды жұп.

Бірақ әйел егер мұның бәріне қарсы бола тұра, ер адамы үшін көндігіп жүре берсе – кейін іштей күйзеліске ұшырайды. Үнемі алаңдаушылық пен ішкі күйдің қақтығысында болады.

Талдаудың тереңдік тұрғысынан алғанда рухани деңгей – ең мағыналысы. Қарама-қайшылық осы сәтте пайда болса, сыртқы өмірде ол үлкен ұрысқа, түсініспеушілікке, тіпті жек көрушілікке айналуы мүмкін.

Мықты қарым-қатынастың негізі неде: 5 басты фактор

Сондықтан адаммен қарым-қатынас бастамас бұрын, өз құндылықтар кодексіңізді анықтап алған дұрыс. Сіз үшін мейірімділік, жауапкершілік, махаббат деген не? Қандай нәрсемен келісуге болады, қайсысы – маңыздырақ? Соны білу қажет.

5. Қаржы

Бұл – қауіпсіздік беретін орталық тірек. Егер отбасында ақша мен болашаққа деген сенім болмаса – ол барлық басқа салаларға кері әсер етеді.

Ақша жетіспеген кезде ер адам:

  • Жыныстық функциясын орындай алмауы мүмкін;
  • Ашуланып, әйеліне, балаларына айқайлауы мүмкін;
  • Интеллектуалды деңгейде өзін ақтап, дінге бет бұруы мүмкін;
  • Өз моральдық қағидаларын бұза бастауы мүмкін.

"Кедейлік – кемшілік" деп бекер айтпайды.

Әйел қаржылық тұрақтылықты сезінбесе, болашаққа сенімсіз болса, онда ол:

  • Үнемі уайымдап, өзін күйзеліске ұшыратады, ер адамның да мазасын қашырады;
  • Бұл уайымды балаларына да береді;
  • Интеллектуалдық деңгейде жанжалдар туғызады.

Сондықтан қаржы – бұл психологиямен тікелей байланысты болмаса да, ең негізгі тірек болып қала береді.

Америкалық психолог Абрахам Маслоу адамның қажеттіліктерін анықтағанда, өмір негізіне – қауіпсіздікті қойған. Бұл қауіпсіздікті ақша қамтамасыз етеді.

«Ақша маңызды емес» деген пікірмен келіспеймін. Ақша – базалық қажеттілік. Ол – тамақ, денсаулық, жайлы орта. Мысалы, егер сіздің үйіңіз – қираған, қылмыскерлер тұратын аудандағы ескі ғимарат болса, онда ол жерде отбасылық бақытты құру қиын. «Лашықта да бірге бақыттымыз» деген ертегі тек ғашықтықтың бастапқы кезеңіне ғана жарайды. Ал нағыз отбасы – бұл тұрақтылық. Әйел адам – табиғатынан тұрақтылықты, қауіпсіз өзіндік жайлы орнын қалайды. Ол жерде балаларын асырап, ер азамат сол ортаға жағдай жасауы керек. Егер ол болмаса – мықты қарым-қатынас та болмайды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше