Маңызды штрихтар: өміріңдегі ең басты күнге арналған той аксессуарлары
Фото. Пресс-офисы марок

Маңызды штрихтар: өміріңдегі ең басты күнге арналған той аксессуарлары


Келіннің образы ерекше әрі дара болуы үшін міндетті түрде той аксессуарларын дұрыс таңдаған жөн. Иә, бәрі расында да қарапайым көрінуі мүмкін. Бірақ мұнда үлкен мән жатыр. Өйткені дәл осы ұсақ-түйек детальдар — сырға, мойынға тағатын әшекей, ерекше фата не креативті клатч — келіннің ішкі жан дүниесін көрсетеді.

Айтпақшы, бұл топтама тойға келген қонақтарға да пайдалы болады: қолғаптар, шашқа тағатын әшекейлер мен қауырсынды сөмкелер — барлығы да қалыңдық пен күйеужігіттің жақындарына жараса кетпек. Сарапшылардың айтуынша, бүгінде болашақ келіндердің арасында винтаж стиліне деген қызығушылық қайта оралуда. Сондықтан брошь, тарақша, коктейльдік сақина мен шампан түсіндегі гауһар тастар өте танымал.

Дегенмен, той аксессуарлары ең алдымен иесінің болмысын ашуы керек. Сонда ғана образ шынайы, қайталанбас әрі сәнді болмақ.

Harper's BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз. 


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Пресс-офисы марок.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше