Әсел Сағатова — балаларының жүзін көпшілікке көрсетпеуді жөн көретін жұлдыздардың бірі. Екі перзенті туралы ақпаратты сирек бөлісіп, олардың суреттерін әлеуметтік желіден алшақ ұстаған актриса енді бұл қағиданы бұзғандай.
Сағатова кішкентай ханшайымы Айриске арнайы Instagram парақша ашып берді. Әзірге контентте бір ғана видеожолдама жарияланған. Кино жұлдызы қызының аккаунтын «блогер» деп таныстырып, барша оқырмандарын Айриске қолдау көрсетуге шақырды.