23–29 маусым аралығына арналған апталық жұлдыз-жорамал: Жаздың алғашқы айының соңында сізді не күтеді?
Фото. Степан Филенко.

23–29 маусым аралығына арналған апталық жұлдыз-жорамал: Жаздың алғашқы айының соңында сізді не күтеді?


Жаздың басталғанына көп болған жоқ, десе де аталмыш мезгілдің алғашқы айы өз мәресіне жетуіне аз қалды. Осы уақыт ішінде әр зодиак белгілеріне маңызды сабақ болатын жәйттар орын алып жатыр. Мұндай тәжірибеден кім нені түсінді — оны жақын арада біле аламыз. Әзірге апталық жұлдыз-жорамалмен таныса аласыздар.

Тоқты

Тағдыр осы аптада сізге жасаған істеріңіздің айнадай көрінісін ұсынады: не ексеңіз, соны орасыз. Жемісті еңбек үшін марапатпен оралуы мүмкін, ал керісінше жағдайда — ішкі сарап жасауға түрткі болар жағдайлар орын алады. Адалдықтан айнымаңыз — тіпті қиын жағдайлар да сіздің пайдаңызға шешілуі мүмкін.

Торпақ

Ішкі мазасыздық, сенімсіздік сезімдері мазалай түсуі мүмкін. Бірақ бұл — үрейленетін емес, өзіңізге көңіл бөлуге арналған белгі. Жаныңызды тыныштандыратын істермен айналысыңыз: серуендеу, шығармашылық, немесе жан сырын бөлісетін әңгіме. Эмоциялық тепе-теңдік — қазіргі таңда бәрінен маңызды.

Егіздер

Шабытыңыз тасып, идеяңыз көбейіп кетсе де, асығыстыққа бой алдырмаңыз. Осы аптадағы ұраныңыз — «Жеті рет өлшеп, бір рет кес». Автопилотпен емес, саналы түрде әрекет етіңіз. Айтпақшы, бұл — үлкен істі бастауға дайындық жасау үшін таптырмас кезең.

23–29 маусым аралығына арналған апталық жұлдыз-жорамал: Жаздың алғашқы айының соңында сізде не күтеді?
Фото. Степан Филенко.

Шаян

Барлығы сіз ойлағандай болмауы мүмкін. Жоспарлардың жүзеге асуы сәл кідіруі ықтимал. Бұл үзілісті жағдайға басқа көзқараспен қарау үшін пайдаланыңыз. Икемді болу, кемшілігі бар сценарийлермен жұмыс істеу — маңызды. Мүмкін, ескі ойлар мен кедергілерден арылып, жаңа жолға шығатын уақыт келді.

Арыстан

Сізді жауапкершілік, шектеулер мен қысымдар құрсаулағандай. Бірақ мұның көбі — ішкі сенімдеріңіздің жемісі. Шынайы шектеулер қайдан туындап отырғанын анықтауға тырысыңыз. Ішкі тыйымдарды жойыңыз, сонда жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

Бикеш

Бақылауда ұстау мен үнемдеуге тырысу — сізді ішкі кернеуге алып келуі мүмкін. Бір сәтке болса да өзіңізге еркіндік беріңіз. Ұзақ уақыттан бері армандап жүрген нәрсеге бір қадам жасаңыз. Кішкене қуаныш — үлкен шабыттың бастауы бола алады.

23–29 маусым аралығына арналған апталық жұлдыз-жорамал: Жаздың алғашқы айының соңында сізде не күтеді?
Фото. Степан Филенко.

Таразы

Сәттілікке жету үшін сізде бәрі бар. Тек өзіңізге сеніммен қадам басыңыз. Басқалардың мақұлдауын күтпей-ақ қойыңыз. Осы аптада сіз маңызды жобаны жүзеге асыра аласыз немесе күтпеген жерден қолдау табуыңыз мүмкін. Тек өзіңізді бағалап, өзіңіздің құндылығыңызды ұмытпаңыз.

Сарышаян

Апта сізге ішкі тыныштық, мейірім мен жақындарыңызбен қарым-қатынастағы жылылықты сыйлайды. Отбасы мен жүрек жақындығы — басты күшіңізге айналады. Бірге уақыт өткізу, ашық сөйлесу мен шағын қуаныштарды бөлісу — осы кезеңде өте маңызды.

Мерген

Сізден бір уақытта бірнеше істі алып жүру талап етіледі. Оқиғалар өте жылдам ауысып отырады, ұсақ-түйекке де мән беру керек болады. Бірақ шаршап қалмас үшін, өзіңізге тыныштық беруді ұмытпаңыз. Қысқа демалыстың өзі сізге қуат береді.

23–29 маусым аралығына арналған апталық жұлдыз-жорамал: Жаздың алғашқы айының соңында сізде не күтеді?
Фото. Степан Филенко.

Тауешкі

Жеңіс сіздің қолыңызда. Бұл — мақтануға, нәтижелермен бөлісуге және лайықты марапатқа ие болуға тамаша уақыт. Достарыңызбен бірге жетістіктеріңізді атап өтіп, өзіңізді марапаттаңыз. Бұл сәт — өзіңізге деген құрметті арттыру үшін таптырмас мүмкіндік.

Суқұйғыш

Меланхолия мен өткенге деген сағыныш аяқ астынан пайда болуы мүмкін. Бұрынғы оқиғалар, өкініштер мен естеліктер ойыңызды жаулап алуы мүмкін. Эмоцияларды сезініңіз, бірақ оларда ұзақ кідіріп қалмаңыз. Сізді әлі де үміт, жарық және қамқор адамдар қоршап тұр.

Балықтар

Алдағы аптада өз орныңызда екеніңізді терең сезінесіз. Шайдың иісі, достың жылы сөзі, терезеден түскен күн сәулесі — бәрі сізге қуаныш сыйлайды. Бақыт ұлы сәттерде емес, дәл осындай ұсақ-түйекте жатады.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше