Кез келген тері түріне жарамды ең жағымды SPF-қорғау өнімдері
Фото. Shutterstock. Автор. Anna Om

Кез келген тері түріне жарамды ең жағымды SPF-қорғау өнімдері


Жаз мезгілі жақындаған сайын, күннен қорғайтын ең қолайлы әрі әмбебап өнімді таңдау мәселесі өзекті бола түспек. Біз қартаюдан, пигментациядан және жасқа байланысты өзгерістерден қорғайтын, кез келген тері түріне лайықталған, тексерілген SPF-қорғау құралдарын таңдадық. Енді дәл сол сұраныстағы өнімдермен сіз де танысыңыз.

Крем d'Alba Waterfull Essence Sun Cream SPF50+ PA++++

Кез келген тері түріне жарамды ең жағымды SPF-қорғау өнімдері

Бұл өнім тек ультракүлгін сәулелерден ғана емес, экрандардан бөлінетін көк сәуледен де қорғайды. Ұзақ серуендеуді ұнататындар мен компьютер алдында көп уақыт өткізетін іскер әйелдер үшін таптырмас құрал. Табиғи жарқырау мен тыныштандыратын әсер — қосымша артықшылықтар.

Крем d'Alba Waterfull Tone-Up Sun Cream SPF50+ PA++++

Кез келген тері түріне жарамды ең жағымды SPF-қорғау өнімдері

Премиум бренд d’Alba ұсынған дәл осы өнім — италиялық ақ трюфель сығындысы мен заманауи корей технологияларының ерекше үйлесімі. Крем әрі сенімді SPF-қорғаныс, әрі мінсіз макияж базасы. Құрамында шабдалы гүлі мен азиялық центелла сығындысы, ниацинамид, пантенол және дамаск раушанының гидролаты бар. Нәтижесінде, тері жақсы ылғалданады, тегіс реңге ие болады.

Стик d'Alba Air Fit Fresh Sun Stick SPF50+ PA++++

Кез келген тері түріне жарамды ең жағымды SPF-қорғау өнімдері

SPF-қорғанысты күн сайын қолдану — тамаша әдет. Алайда күн ішінде оны бірнеше рет жағу қажет. Бұл үшін жеңіл, әрқашан қолда болатын стик өте ыңғайлы. Ол терінің майлы жылтырын реттейді, теріні қоректендіреді, ақ із қалдырмайды және жартылай күңгірт әсер береді.

Крем Tocobo Bio Watery Sun Cream

Кез келген тері түріне жарамды ең жағымды SPF-қорғау өнімдері

Мунг бұршағы мен гиалурон қышқылы қосылған жеңіл корей кремі. Жартылай мөлдір текстурадан қорықпаңыз — корей өнімдері үнемі таңғалдырады. Крем ультракүлгін сәулелерден тиімді қорғайды, жақсы ылғалдандырады және балғындық сезімін сыйлайды.

Крем I'm From Rice Sunscreen

Кез келген тері түріне жарамды ең жағымды SPF-қорғау өнімдері

Бұл крем теріні зиянды сәулелерден қорғай отырып, оған нәзік күтім жасайды. Гипоаллергенді, веган формуласы мен тегіс текстурасының арқасында ерекше сұранысқа ие.

Стик Institut Esthederm

Кез келген тері түріне жарамды ең жағымды SPF-қорғау өнімдері

Францияда жасалған стик теріде мүлдем білінбейді — соншалықты жеңіл. Макияжбен тамаша үйлеседі, тіпті терінің сыртқы түрін визуалды түрде жақсартады.

Бальзам-праймер PH.HUBBY

Кез келген тері түріне жарамды ең жағымды SPF-қорғау өнімдері

Кушондармен ешкімді таңғалдыра алмайсыз, ал бальзам-праймер — жаңа тренд. Арнайы аппликатормен жағылатын бұл өнім теріні тегістейді, кемшіліктерді жасырады және ерте қартаю белгілерінің алдын алады.

Бальзам для губ iS Clinical 

Кез келген тері түріне жарамды ең жағымды SPF-қорғау өнімдері


Жазда ерін терісі де ерекше күтімді қажет етеді. Бұл бальзам кең спектрлі қорғанысты қамтамасыз етіп қана қоймай, кокос майы мен Е дәруменінің арқасында жақсы ылғалдандырады және қоректендіреді.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Пресс-офисы марок. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше