Imanbek «Латын Грэмми» жүлдесіне номинант атанды
Фото. Instagram @imanbekmusic

Imanbek «Латын Грэмми» жүлдесіне номинант атанды

Гүлдана Мұқан
19 сентября 2025

Қазақстандық диджей және продюсер, әлемге танымал музыкант Иманбек Зейкенов тағы бір ірі халықаралық жетістікке қол жеткізді. Ол биыл алғаш рет «Латын Грэмми» сыйлығына номинант атады.

Бұл жолы Иманбектің Ella Quiere Techno атты композициясы аргентиналық әнші Taichu-мен бірге «Best Latin Electronic Music Performance» - «Латын электронды музыкасының үздік орындалуы» аталымында жеңімпаз атағы үшін бақ сынайды. Осы санатта тағы төрт туынды сайысқа түспек: Orión – Sistek Remix, Qqqq, Rulay En Dubai (Extended) және Veneka.

Музыкалық сыйлықтың финалдық дауыс беру кезеңі 1 қазанда басталып, жеңімпаздар 2025 жылдың 13 қарашасында Лас-Вегаста өтетін салтанатты рәсімде анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, Иманбек 2021 жылы «Грэмми» жүлдесін иеленіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет бұл марапатқа қол жеткізген өнерпаз атанды. Ол SAINt JHN-ның Roses трегіне жасаған ремиксі арқылы «Жылдың үздік ремиксі» номинациясында жеңіске жетті.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше