«Рух»: Imanbek президенттік оркестрмен бірігіп фит жазды! Тректің желіде хит болғаны рас па?


Imanbek-тен су жаңа туынды! Грэмми иегері әрі саунд-продюсер ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестріне қарасты «ABYROY» тобымен бірігіп фит жазды. Иманбек Зейкенов «РУХ» атты композицияны өндеуге көмектескен. Бейнебаян ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Youtube платформасындағы ресми парақшасында жарияланды.

Экшн-бейнебаянда ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелерінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» қызметінің, ҚР Ұлттық ұланының, ҚР Қарулы Күштері арнайы операциялық әскерлерінің, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметі сипатталады.

Тыңдарманның рухын оятатын трек бүгінде желіде хитке айналды. Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында фолловерлер дәл осы әнге жарасып видеоролик таспалап жатыр.

https://www.youtube.com/watch?v=wmiSb10F818

Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @imanbekmusic.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше