Джинсы-қораптар – жаздың басты тренді ме?
Фото. Instagram @kseniaschnaider

Джинсы-қораптар – жаздың басты тренді ме?


Кейде бізді енді ештеңе таңғалдыра алмайтындай көрінеді. Дәл сол сәтте фэшн әлемінде жаңа, шектен тыс ерекше тренд пайда болады. Мысалы, джинсы-қораптар. Ерекше үлгіні украиналық Kseniaschnaider бренді әзірлеп, оны инфлюенсерлер мен сәнқойлар арасында танымал еткенін Harper’s BAZAAR Australia хабарлайды. Бұл архитектуралық киім гардеробқа өзгешелік сыйлап, 2010-жылдардың концепциясын жаңаша қырынан көрсетеді.

Джинсы-қораптар – жаздың басты тренді ме?
Фото. Instagram @kseniaschnaider

Бұрыш пішінді деним шалбарлар жиі тәжірибеге жасауға аса келе бермейді, бірақ олар сөзсіз прогрессивтіліктің символы. Мұндай үлгілер күнделікті киюге ыңғайсыз болуы мүмкін, алайда батыл әрі есте қаларлық образдар үшін тамаша шешім. Қазіргі таңда трендтегі «көбелектер» әмбебаптығы бойынша алда тұрса да, джинсы-қораптар қарапайымдылық түсінігін түбегейлі өзгертуде.

Стилисттер мұндай шалбарларды қысқа әрі денеге қонымды топтармен немесе трикотаж бұйымдарымен үйлестіруге кеңес береді. Ал аяқ киім ретінде биік өкшелі етік немесе массивті ботинкалар пішінді сәнді образыңызды теңестіретін ең қолайлы нұсқа болып саналады.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше