Асқазан мен ми бір-бірімен тығыз байланысты. Біз тамақтанған кезде ішек миға белгілі бір белгілерді жібереді, ал ми өз кезегінде физиологиялық және психикалық үдерістерді бақылап, реттеп отырады. Сондықтан мамандар дұрыс тамақтану көңіл күйге де, менталдық денсаулыққа да тікелей әсер етеді деп сенімді түрде айтады. Бұл туралы біз Harper’s BAZAAR España басылымынан білдік.
Теңгерімді диета (ауыр тағамдарсыз) күйзеліс, депрессия, стресс пен мазасыздықтан қорғай алады. Рационға асқазанның қабырғаларына жақсы сіңетін және адамға қуат беретін тағамдарды қосу маңызды. Біз пайдалы ас ішкенде ішек арнайы сигналдарды шығарады, одан соң ми нейромедиаторлардың бөлінуіне көмектесіп, жүйке жүйесін нығайтады. Ал егер адам үнемі пайдалы емес тағамдарды тұтынса, асқазанның қабырғалары зақымданып, токсиндер денеге еніп, иммунитетті әлсіретеді.
Ағзаға зиян келтіретін өнімдер қатарына тазартылмаған қант (газдалған тәтті сусындар, йогурттар, тез дайындалатын ботқалар, дайын тұздықтар мен ақ нан) және трансмайлар (фастфуд, бәліштер, печенье, тәтті тоқаштар) жатады.
Мамандар жақсы көңіл - күйге тек дұрыс тамақтану ғана емес, сонымен қатар тұрақты жаттығулар да әсер ететінін еске салады. Әдетте спортпен белсенді айналысатын адамдардың психологиялық саулығы едәуір мықтырақ болады.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова.