Димаш Құдайберген Қазақстанда бұрын болмаған форматта фан-кездесу өткізіп, концерт берді!
Фото. Instagram @kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген Қазақстанда бұрын болмаған форматта фан-кездесу өткізіп, концерт берді!


Димаш Құдайберген күні кеше Алматы аренаны лық толтырып фан-кездесуін өткізді. Бұл кешке 45 елден әншінің жанкүйерлері арнайы ұшып келген. Ауқымды іс-шара бұрын-соңды болмаған жаңа форматта өтті. Димаш жеке өзіне қатысты қойылған сұрақтардың бәріне дерлік жауап беріп, шығармашылығы жайлы әдемі сұқбат өрбітті. Сондай-ақ кеш барысында, «Тау ішінде» әніне арналған челлендждің жеңімпаздарын да анықтады. 

Концертте айтылған маңызды ақпараттардың бірі, әншінің «Stranger» шоу-концертінің үлкен экранға 28-ші мамырдан бастап жол тартатыны. Бірақ бұл тек қазақстандық dears-қа арналады. Айта кетейік, Димаш Еуро-турымен қатар, АҚШ-тарының Нью-Йорк қаласында да жеке кешін беруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, кешегі өткен концертте елімізге танымал біршама әртістер де өнер керсетті. Мәселен, Сәкен Майғазиев, Зарина Алтынбаева, Дастан Оразбеков, Amre және Садраддин. 


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше