Көзді ашып-жұмғанша күз де өз мәресіне жақындады. Енді жылы киініп, суыққа дайындалатын кезең басталады. Кей күндері аутфит таңдауға көп уақыт жұмсағыңыз келмейтін сәттер болады. Осындайда Harper’s BAZAAR Kazakhstan дайындаған гид көмекке келеді. Біз қысқы маусымға арналған ықшам, бірақ ешқандай жағдайда жалықтыратын, қарапайым не сәнсіз болып көрінбейтін образдарды жинадық. «Тыныш салтанат» тренді өткеннің еншісінде қалса да, оның кейбір концепцияларын әлі де қолдана аламыз.
Қасиетті аңғалдық
Монохромды киімдер — назар аударар жалғыз бағыт емес. Әртүрлі базалық реңктерді үйлестіргеннің өзінде стильді «лук» жасауға болады. Образды қызықты ету үшін аксессуарларды пайдаланыңыз: мысалы, қызыл өңді кулон көлемді білезіктер мен сырғалардан да жақсы акцент береді.
Даңққа жазылғандар
Текстуралы маталарға деген махаббатымызды жасырмаймыз және оларды бірге үйлестіріп киюді жөн санаймыз. Замша, жүн, былғары және трикотаж бір-бірімен тамаша жұмыс істейді. Бұл — ұстамды образды еш қиындықсыз ерекше әрі есте қаларлық етуге арналған ең жеңіл тәсіл.
Көпқабаттылық — бәрінен биік
Айтқанымыздай, қызыл түс тіпті кішкентай акцент ретінде де бүкіл образды түбегейлі өзгерте алады. Ал түсі қанық кардиганды водолазкамен, офис жейдесімен (жылы болуы үшін) және классикалық шалбар мен жайтабан мюлилермен бірге киюге кеңес береміз.
Тағдыр матрицасы
Қара мен ақтың үйлесімі әрдайым сергек, әдемі және әсерлі көрінеді. Қосымша жылылық үшін жасанды мехтан тігілген қысқа тон киіп, аутфитке ерекше реңк бере аласыз. Нәтижесінде өте ерекше әрі батыл образ пайда болады.
Французша сүйіс
Француз шики ешқашан сәннен қалмайды, сондықтан оны назардан тыс қалдыру дұрыс емес. Сәл агрессивті сипаттағы элементтер кружевамен жақсы үйлеседі. Образды толықтыру үшін былғары берет киіп, La vie en rose көңіл күйін беріңіз.
Нәзіктікке себеп
Комфорт міндетті түрде спорт-шикпен байланысты болмауы тиіс. Кружевалы жібек топты кең шалбарлармен, қысқа пальтомен және кроссовкамен үйлестіріңіз. Жұмсақ материалдар аутфитке дөрекілік бермей, керісінше оны нәзік әрі сезімтал етеді.
Құмды дюна
Жұмыс орнындағы дресс-код еркіндеу адамдар үшін біз құм реңктеріндегі тағы бір ыңғайлы образ дайындадық. Лаконикалық қысқы стиль комфортқа негізделеді: жайлы киім, практикалық сырт киім және үйлесімді аксессуарлар — сәтті аутфиттің басты кілт
Harper's BAZAAR мақаласының түпнұсқасын мұнда оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.