Биылғы маусымның басты той трендтері
Фото. Spotlight. Gaurav Gupta Haute Couture, весна-лето 2025

Биылғы маусымның басты той трендтері


Әр маусым сайын тойға қатысты жаңа трендтер пайда болады. Сондықтан қалыңдықтар өздерінің ең маңызды күнінде сәннің алдыңғы шебінде болғысы келсе, үрдістерден хабардар болуы тиіс. Жаз мезгілі шығармашылыққа жетелейді, сондықтан болар, болашақ жұбайларға арналған образдар дәстүрлі шеңберден шығып жатыр. Осы маусымның басты трендтерімен таныстырамыз.

Қарапайым көйлекті ұмытыңыз

Той күні АХАЖ-ға немесе салтанатқа тек көйлекпен бару міндетті емес. Мысал ретінде Бьянка Джаггердің образын еске алыңыз: ол 1971 жылы The Rolling Stones тобының солисімен шаңырақ көтеріп, Yves Saint Laurent-тің смокингімен көзге түскен еді.

Барлығы қызғылт түсте

Ақ, алебастр және сүт түсті көйлектер әлі де сұраныста. Дегенмен, нәзік қызғылт реңктердегі көйлектер де ерекше сұлу көрінеді. Күлгін-раушан, кәмпит-қызғылт немесе күн батуының түсін еске түсіретін көйлек таңдасаңыз, тойыңыз ұзақ уақыт бойы есте қалары сөзсіз.

Қалықтаңыз

Фото. Spotlight. Chanel Haute Couture, весна-лето 2025

Ауырмайтын, жеңіл әрі ұшқыр сәндік элементтер әлі де өзекті. Себебі нәзіктік пен әйелге тән тренді әлі аяқталған жоқ. Қалыңдықтар, жалпы қыздар әрдайым ойнақы әрі сүйкімді көрінгісі келеді.

Өз ережеңізбен өмір сүріңіз

Сіз той көйлегім деп атайтын кез келген киім – той киімі бола алады. Қазір пайетка, жылтыр және кристалдармен көмкерілген образдар алда келеді. Бірақ жарқыраған элементтермен артық кетпеңіз – қарапайым сөмке мен әшекейлер образды үйлесімді етіп көрсетеді.

2000-жылдардың Одиссеясы

Ғарыштық стильдегі идеялар тек «Жұлдызды соғыстар» мен «Жұлдызды жол» фанаттарына ғана емес, сонымен қатар, стандарттан тыс киінгенді ұнататындарға да ұнайды. Ерекше киімдер арқылы қиялыңызды еркін көрсете аласыз.

Lace Up

Кружевсіз қай той болсын? Романтикалық әрі нәзік бұл материал ғасырлар бойы қалыңдықтармен бірге келе жатыр. Жыл сайын дизайнерлер оны жаңа қырынан таныстыруға тырысады. Нәтижесінде стильді, кейде винтажды, тіпті көне элементтермен толыққан образдар шығады.

Фата ұмыт қалды ма?

Қазіргі қалыңдықтардың бәрі фата таққысы келмейді. Дегенмен дизайнерлер бұл романтикалық әрі дәстүрлі аксессуарды ұмытпауға кеңес береді. Тіпті, олар ұсынған кейбір фаталар – ешқашан қарапайым немесе іш пыстырарлық емес, ерекше әрі есте қаларлық туындылар.

Harper's BAZAAR Arabia ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше