Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?
Фото. Shutterstock.

Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?


Ажырасу – кез келген отбасының өміріндегі маңызды әрі ауыр шешім. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда ғашықтар арасындағы махаббат хикаялары әрдайым бақытты аяқтала бермейді. Некенің дағдарысқа ұшырағанын аңғартатын белгілерге назар аударайық.

Өзіңізге деген сеніміңіз жоғала бастайды

Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?
Фото. Shutterstock.

Серігіңіздің өміріндегі басты назардан тыс қалғаныңызды сезіну – өте ауыр. Жақын адамыңыздың сізді бағаламауы өз-өзіңізге деген сенімді жоғалтып, қабілетіңіз бен мүмкіндіктеріңізге күмәнмен қарауға мәжбүрлейді.

Жұбыңыз қарым-қатынас үшін күш салмайды

Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?
Фото. Shutterstock.

Кез келген отбасында түрлі қиындықтар болатыны анық. Бірақ оларды бірге еңсеру керек. Барлық жауапкершілікті тек бір адамның мойнына іліп қою – дұрыс шешім емес.

Қарым-қатынасты сақтап қалуға ниетіңіз жоқ

Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?
Фото. Shutterstock.

Мүмкін, сіз өзіңізді кінәлі санамай, қарым-қатынасты сақтау үшін әрекеттенбей жүрген шығарсыз. Егер сіз отбасылық психологтардың кеңеске жүгінуден бас тартып, некеңізді сақтаудың мәні жоқ деп есептесеңіз, бұл – ажырасу уақыты келгенінің айқын белгісі.

Бірге өткізетін уақыттарыңыз азайса

Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?
Фото. Shutterstock.

Психолог мамандар ерлі-зайыптылар бір-бірінен алыстап, жеке уақыт өткізуге бейімделсе, олардың санасында бұл некенің әлдеқашан мүжілгенін түсіну бар дейді.

Бір-біріңізге қолдау көрсетпейсіздер

Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?
Фото. Shutterstock.

Берік қарым-қатынастың негізі – бір-бірін тыңдай білу мен қолдау көрсету. Саналы некеде ерлі-зайыптылар бір команда секілді әрекет етеді, бір-бірінің бастамаларын қолдайды.

Жыныстық өмір нашарласа

Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?
Фото. Shutterstock.

Жыныстық қатынастың сирек бола бастауы – бірден ажырасуға себеп емес. Алайда жыныстық қанағаттанушылық – маңызды фактор. Оның жетіспеуі қарым-қатынастағы дағдарыстың бір көрінісі болуы мүмкін.

Болашақ туралы көзқарастарыңыз мүлдем бөлек

Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?
Фото. Shutterstock.

Егер болашаққа деген мақсаттарыңыз күйеуіңізбен сәйкес келмесе, ажырасу – дұрыс шешім болуы ықтимал. Мысалы, сіз бала сүйгіңіз келеді, ал жарыңыз қарсы. Бұл – елеулі келіспеушілік.

Жұбыңыз өзіне арналған бөлек шекара қоя бастайды

Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?
Фото. Shutterstock.

Кейде жұбайлардың бірі отбасындағы қиындықтан бойын аулақ салады. Суықтық пен немқұрайлық – отбасының күйреуіне бастар негізгі себептердің бірі.

Қарым-қатынаста бір-бірін құрметтеу азайып кетсе

Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?
Фото. Shutterstock.

Құрмет жоғалған жерде – менсінбеу пайда болады. Жұбыңыз сізге жоғарыдан қарап, пікіріңізді елемесе – бұл уытты қарым-қатынастың белгісі.

Ұрыс-керіс жиілей бастаса

Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?
Фото. Shutterstock.

Ұсақ-түйек нәрсе үшін де дауласу – ішкі күйзелістің көрінісі. Бұл кезде ажырасу туралы ойлар еріксіз пайда бола бастайды.

Біртұтас отбасы бола алмасаңыздар

Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?
Фото. Shutterstock.

Жарыңыздың туыстары сізді қабылдамаса, бұл уақыт өте келе үлкен мәселе туғызуы мүмкін. Бастапқыда бұл ұсақ-түйек болып көрінгенімен, отбасы ішіндегі қарым-қатынасқа әсер етеді.

Үйде зорлық-зомбылық орын алған жағдайда

Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?
Фото. Shutterstock.

Егер күйеуіңіз бір рет болсын сізге немесе балаларыңызға қол көтерсе – бұл жағдай қайталана беруі мүмкін. Мұндай жағдайда ештеңе күтпей, бірден кету керек.

Депрессиялық жағдайда жүрсіз

Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?
Фото. Shutterstock.

Жылдар бойы некені сақтауға талпыну тек қана ішкі күйзеліс әкелсе, онда бұл некенің сақталуы екіталай.

Бостандық туралы армандай бастайсыз

Ажырасу – жалғыз шешім: некенің сәтсіз екенін қалай түсінуге болады?
Фото. Shutterstock.

Мамандардың айтуынша, ажырасу туралы жиі ойлау – ең маңызды белгілердің бірі. Сіздің бейсаналы санаңыз шешім қабылдап қойған, тек сіз әлі де некеңізді сақтап қалуға үміттеніп жүрген шығарсыз.


Автор. Harper's BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше