Алтын мен күміс әшекейлерді сәнді үйлестіру жолдары
Фото. Instagram @haileybieber

Алтын мен күміс әшекейлерді сәнді үйлестіру жолдары


Алтын мен күмісті бірге тағу — талғамның жоқтығы деген ескі стереотип әлі де кездеседі. Бірақ бұл ескірген қағиданы ұмытатын кез келген сияқты. Енді сән әлемінде әркім өз ережесін жасап, өзін еркін көрсете алады. Төмендегі мақалада біз алтын мен күміс әшекейлерді қалай әдемі және ерекше үйлестіруге болатынын айтамыз және бізге бұл жолда танымал жұлдыздар мен инфлюенсерлер көмектеседі.

Ең алдымен, сізге қандай асыл металдың көбірек жарасатынын анықтап алыңыз. Сарапшылар мұны екі негізгі санатқа бөледі. Тері астының жылы реңкі бар адамдарға алтын (сары, лимон түсті, қызғылт) жарасады, ал «салқын» сырт келбетке күміс, ақ алтын немесе платина лайық. Бұл ақпарат әшекейлер жиынын жинағанда маңызды. Мысалы, бетке жақын аймақта өзіңізге сәйкес реңктегі металды тағу — теріңіздің, көзіңіз бен шашыңыздың сұлулығын айқындай түседі.

Алтын мен күміс әшекейлерді сәнді үйлестіру жолдары
Фото. Instagram @haileybieber

Қай дене бөлігін ерекшелегіңіз келетінін анықтаңыз

Негізгі төрт аймақ бар: мойын, құлақ, білезік және саусақтар. Барлығына бірдей акцент жасаудың қажеті жоқ — өзіңізге ұнайтын бөлікті таңдаңыз. Мәселен, алтыннан жасалған шегелі сырғалар күміс түсті білезік немесе сағатпен жақсы үйлеседі. Бұл жерде маңыздысы — бәрін бірден тағу емес. Мысалы, Хейли Бибер «B» әрпі бар сүйікті алқасын алтын сырғалармен немесе түрлі түсті эмальмен көмкерілген сырғалармен киеді және бұл өте стильді көрінеді.

Үйлесімділікке ұмтылыңыз

Негізгі түсті анықтап алыңыз — қалғандары оны толықтырып, айқындайтын қосымша ретінде қолданылуы керек. Сондай-ақ, бір басты әшекейге назар аударған жөн — бұл көлемді алқа, ерекше пішінді сырға немесе салмақты білезік болуы мүмкін. Тағы бір ескеретін нәрсе — үйлесімділік пен тепе-теңдікті сақтау. Әйтпесе, бейнеңіз тым ауыр немесе ретсіз көрінуі мүмкін.

Алтын мен күміс әшекейлерді сәнді үйлестіру жолдары
Фото. Instagram @mrinmoyeeghose

Көбірек тәжірибе жасаңыз

Алтын мен күмісті үйлестірудің жолдарын түсіну оңай, бірақ оны стильді етіп қолдану — тәжірибе мен батылдықты талап етеді. Жақсы жаңалық — шығармашылық еркіндікке мүмкіндік бар. Барлық аксессуарларыңызды алдыңызға жайып, түрлі комбинациялар жасап көріңіз. Түрлі тастармен, күңгірт және жылтыр металдармен, эмаль мен оюлы текстуралармен еркін ойнаңыз. Себебі сәннің шынайы сиқыры — дәл осындай күтпеген, ерекше үйлесімдерден туады.

Harper’s BAZAAR India ұсынған мақаланың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше