Көптен күткен Met Gala 2025 жұртшылықтың назарын бірден өзіне аударды. Биыл Костюмдер Институтының балына арналған тақырып — «Superfine: қара нәсілділер стилінде киім тігу мәдениеті». Сондықтан көптеген жұлдыздар таңдаған киімдерін тігін өнерінің элементтерімен үйлестірген. Біз сіздерге танымалдардың ең стильді образдарын ұсынамыз.
Зендая Louis Vuitton брендінде. Ақ смокинг - жылдың ең сәнді шарасы үшін мінсіз таңдау.
Колман Доминго қызыл кілемде алғашында марқұм Андре Леон Тэллиге құрмет көрсетіп көк түсті образбен көзге түсті. «Эйфория» телехикаясының жұлдызы кейінірек Valentino-ның ақ және қара аралас классикалық киімімен жарқырады.
Моника Барбаро Dior ұсынған образда.
Хантер Шафер әрине Prada образына адалдығын тағы рет дәлелдеді.
Приянка Чопра Balmain стиліндегі нәзік look таңдаған және салмағы 241 карат болатын көз тартарлық изумрудты Bvlgari алқасымен образын толықтырды.
Met Gala 2025 дебютанты — Doechii. Оның ерекше образы Фаррелл Уильямс пен Louis Vuitton командасының бірігіп жасаған жұмысы.
Дженни Chanel сән үйімен бірге Коко Шанельдің стилінде.
София Ричи Tommy Hilfiger-дің образында.
Дженна Ортега үшін Balmain командасы металл сызғыш элементтерінен ерекше көйлек дайындады.