Алғашқы медаль: Баян Алагөзова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды!
Фото. Instagram @bayanmaxatkyzy

Алғашқы медаль: Баян Алагөзова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды!

Гүлдана Мұқан
24 октября 2025

Танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Республика күні қарсаңында ел мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды. Медиа тұлға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Еске салсақ, бұл - Мақсатқызының шығармашылығындағы алғашқы медаль.

Баян Алагөзоваға мұндай мәртебелі марапатты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті. «Бүгін анамның арманы орындалды, мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атандым. Бұл – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Отаныма қызмет етемін!», – деп жазды продюсер Instagram өзінің парақшасында.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше